Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 20.01.2015 жылғы № 22 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.03.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Радиожиiлiк спектрiн мемлекеттiк мұқтаждар үшiн пайдаланудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 652 қаулысына сәйкес және радиожиiлiк спектрiн пайдалануды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгi жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерін бөлу кестесі бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2000 жылғы 11 қыркүйектегі
 N 1379 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі
Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГТц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі (бұдан әрі - Кесте) радиоэлектрондық құрылғыларға (бұдан әрі - РЭҚ) тапсырыс беруші, жасаушы немесе оларды шет елдерден сатып алушы, сондай-ақ қолданыстағы РЭҚ-да жиіліктерді пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы жиіліктерді бөлу және пайдалану шарттарын регламенттейтін құжат болып табылады. Алайда Кесте Қазақстан Республикасының Үкіметі осы міндеттерді шешу үшін уәкілеттік берген тиісті мемлекеттік органның тиісінше ресімделген рұқсатын алмай жиілік жолақтарын (номиналдарын) РЭҚ-ны жасау, өндіру, шетелден әкелу және пайдалану үшін қолдану құқығын бермейді.
Жаңадан жасалынып (жетілдіріліп) жатқан РЭҚ-га жиілік жолақтарын (номиналдарын) белуді Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - ҚР РЖВК) жүзеге асырады, ал РЭҚ-ны азаматтық мақсатта пайдалану үшін жұмыс жиіліктерін тағайындауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
Қажет болған жағдайда РЭҚ-тың жекелеген типтері үшін РЭҚ-тар Кестеде осы жолақ көзделген құралдарға, сондай-ақ үкіметтік мақсаттағы РЭҚ-ға кедергілер тудырмайтын жағдайда Кестеден тыс жиілік жолақтары (номиналдары) бөлінуі мүмкін. 
Кестенің негізіне Халықаралық электр байланыс одағы бекіткен Радиобайланыс регламентінің жиіліктер бөлу кестесінде (бұдан әрі - Радиобайланыс регламентінің кестесі) белгіленген жиіліктер жолағын бөлу енгізілген. Радиобайланыс регламентінің кестесіне өзгерістер кезекті Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы өткеннен соң енгізіледі. Ұлттық бөлу Кестесіне өзгерістер, радиожиіліктік спектрін пайдаланудың қазіргі жай-күйін ескере отырып, қажет болған жағдайда, бірақ 5 жылда бір реттен сирек болмай енгізілуі мүмкін.
2. Қолданылатын қысқартулар мен анықтамалар
ДРК — Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы; 
ҚР РЖВК — Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы; 
ҒНЖЖ — Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйе; 
АҚГТЖ — Апат кезіндегі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғаламдық теңіздегі жүйе; 
"Жер - ғарыш" - Жер станциясынан ғарыш станциясына ақпарат беру радио желісі; 
Полная версия
ИС BestProfi