Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 454 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1379 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 28, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГТц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 31 наурыздағы
 N 454 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2000 жылғы 11 қыркүйектегі
 N 1379 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі 
Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГТц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі (бұдан әрі - Кесте) радиоэлектрондық құрылғыларға (бұдан әрі - РЭҚ) тапсырыс беруші, жасаушы немесе оларды шет елдерден сатып алушы, сондай-ақ қолданыстағы РЭҚ-да жиіліктерді пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы жиіліктерді бөлу және пайдалану шарттарын регламенттейтін құжат болып табылады. Алайда Кесте Қазақстан Республикасының Үкіметі осы міндеттерді шешу үшін уәкілеттік берген тиісті мемлекеттік органның тиісінше ресімделген рұқсатын алмай жиілік жолақтарын (номиналдарын) РЭҚ-ны жасау, өндіру, шетелден әкелу және пайдалану үшін қолдану құқығын бермейді.
Жаңадан жасалынып (жетілдіріліп) жатқан РЭҚ-га жиілік жолақтарын (номиналдарын) белуді Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - ҚР РЖВК) жүзеге асырады, ал РЭҚ-ны азаматтық мақсатта пайдалану үшін жұмыс жиіліктерін тағайындауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
Қажет болған жағдайда РЭҚ-тың жекелеген типтері үшін РЭҚ-тар Кестеде осы жолақ көзделген құралдарға, сондай-ақ үкіметтік мақсаттағы РЭҚ-ға кедергілер тудырмайтын жағдайда Кестеден тыс жиілік жолақтары (номиналдары) бөлінуі мүмкін. 
Кестенің негізіне Халықаралық электр байланыс одағы бекіткен Радиобайланыс регламентінің жиіліктер бөлу кестесінде (бұдан әрі - Радиобайланыс регламентінің кестесі) белгіленген жиіліктер жолағын бөлу енгізілген. Радиобайланыс регламентінің кестесіне өзгерістер кезекті Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы өткеннен соң енгізіледі. Ұлттық бөлу Кестесіне өзгерістер, радиожиіліктік спектрін пайдаланудың қазіргі жай-күйін ескере отырып, қажет болған жағдайда, бірақ 5 жылда бір реттен сирек болмай енгізілуі мүмкін.
2. Қолданылатын қысқартулар мен анықтамалар
ДРК — Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы; 
ҚР РЖВК — Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы; 
ҒНЖЖ — Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйе; 
АҚГТЖ — Апат кезіндегі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғаламдық теңіздегі жүйе; 
Полная версия
ИС BestProfi