Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 Жарлығы
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.04.2022 жылғы № 876 Жарлығығына сәйкес (12.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 20.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентiнiң 01.03.2012 жылғы № 273 Жарлығымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 41, 472-бап); 
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 қаулысымен бекiтiлген ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 3477 Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 13 тамыздағы
№ 3614 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 04.05.1999 жылғы № 130 Жарлығымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (04.05.1999 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 01.03.2012 жылғы № 273 Жарлығымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 15.10.2014 жылғы № 928 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 76 Жарлығына сәйкес
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 12.10.2019 жылғы № № 187 Жарлығымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентiнiң 20.04.2022 жылғы № № 876 Жарлығымен (12.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - институт) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын іске асыруды талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне не коммерциялық емес ғылыми-зерттеу ұйымы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Институт «Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1235 Жарлығына сәйкес құрылды.
4. Институттың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
5. Институтқа қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
6. Институттың мүлкіне қатысты республикалық меншік субъектісінің құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - мемлекеттік мүлік женіндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
1) мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Полная версия
ИС BestProfi