Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.06.2014 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 және «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы 
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және  мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 862 қаулысымен
бекітілген
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2012 жылғы № 1258 Қаулысымен (07.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1492 Қаулысымен (04.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарламаның атауы              «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме              Қазақстан Республикасы Президентінің
                                 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118
                                 Жарлығымен бекітілген елдің
                                 аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020
                                 жылға дейінгі болжамды схемасы;
                                 Қазақстан Республикасы
                                 Президентінің 2011 жылғы 28
                                 қаңтардағы Қазақстан халқына
                                 «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
                                 атты Жолдауы;
                                 Қазақстан Республикасы Президентінің
                                 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158
                                 Жарлығымен бекітілген Мемлекет
                                 басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы
                                 «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
                                 атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
                                 асыру жөніндегі жалпыұлттық
                                 іс-шаралар жоспары;
                                 Қазақстан Республикасы Президентінің
                                 2012 жылғы 27 қаңтардағы
                                 «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
                                 Қазақстан дамуының басты бағыты!»
                                 атты Жолдауы;
                                 Қазақстан Республикасы Президентінің
                                 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261
                                 Жарлығымен бекітілген Мемлекет 
                                 басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
                                 «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
                                 Қазақстан дамуының басты бағыты!»
                                 атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
                                 асыру жөніндегі жалпы ұлттық
                                 іс-шаралар жоспары;

Бағдарламаны әзірлеуге және      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
іске асыруға жауапты             
мемлекеттік орган

Бағдарламаның мақсаты            Өңірлердің перспективада өзекті
                                 әлеуметтік-экономикалық 
                                 проблемаларын шешу

Бағдарламаның міндеттері         1. Өңірлердің
                                 әлеуметтік-экономикалық дамуын
                                 шектейтін жүйелі проблемалары мен
                                 факторларын анықтау және оларды жою
                                 үшін жергілікті атқарушы органдар
                                 іс-қимылдарының тиімді тетігін
                                 әзірлеу.
                                 2. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе
                                 және Ақтау қалаларында орталықтары
                                 бар агломерацияларды басым дамыту
                                 арқылы өңірлік1 және әлемдік
                                 нарықтармен ықпалдастырылған ұзақ
                                 мерзімді экономикалық өсу
                                 орталықтарын қалыптастыру.
                                 2-1. Ауылдық аумақтарды дамыту.
                                 3. Бәсекеге қабілеттілігін және 
                                 халықтың экономикалық әлеуеті мен
                                 қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік
                                 ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық
                                 қолдау.
1 Мұндағы «өңір» ұғымы Орталық Азияны, РФ Орал және Сібір өңірлерін, Батыс Қытайды, Кавказ маңын қамтиды.
Іске асыру мерзімі               1-кезең - 2011 - 2012 жылдар
Полная версия
ИС BestProfi