Близость слов: Окончание:





Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 6 маусымда № 6991 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 31.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 2011 жылғы 21 сәуірдегі
 № 216 бұйрығымен
 бекітілген
Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы
1. Реттеу мәні, ұғымдар және терминдер
1. Осы Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Кеме қатынасының тіркелімі) пайдаланудағы кемелердің жүзу қауіпсіздігін, жолаушылар мен кеме экипажының өмірін және денсаулығын қорғау, тасымалданатын жүктердің, кемелердің экологиялық қауіпсіздігін сақтауға жағдай жасау мақсатында, аталған кемелерді куәландыру тәртібін, мерзімін және көлемін белгілейді, сондай-ақ кеменің техникалық жай-күйін анықтау үшін нормативтерді қамтиды.
Полная версия
ИС BestProfi