1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы N 1125 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн, әскери бөлiмдерi мен мекемелерiн бейбiт уақытқа арналған заттай мүлiкпен жабдықтау нормалары;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын бейбiт уақытқа арналған ветеринарлық мүлiкпен жабдықтау нормалары;
3) құпия;
4) құпия;
5) құпия;
6) құпия.
2. Тиiстi мемлекеттiк органдар тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде материалдық запастар мен мүлiктi сатып алуды кезең-кезеңмен жүзеге асырсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 265-құжат) 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 шiлдедегi N 788 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 28, 369-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 27 қарашадағы N 1125 қаулысымен бекiтiлген
Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
Жабдықтау нормалары жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.05.2012 № 695 Қаулысымен. (27.11.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
Полная версия