Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 695 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 265-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтау нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 28 мамырдағы
 № 695 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2006 жылғы 27 қарашадағы
 № 1125 қаулысымен
 бекітілген
Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 1 нормасы
 
Р/с
Заттар атауы Заттар саны

1. Киім-кешек
1 Жиек салынған көк барқын түсті фуражка 1 дана
2 Қара жусан түстес фуражка 1 дана
3 Күнқағары бар сұр түсті қаракөлден тігілген малақай 1 дана
4 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы және погондары бар сұрғылт түсті астары жылы пальто 1 дана
5 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы және погондары бар астары теріден тігілген жылы былғары плащ 1 дана
6 Погондары бар сұр түсті мундир мен жиектер салынған және лампастары бар көк барқын түсті шалбар 1 жиынт.
7 Погондары бар қара жусан түстес китель мен балағы түсіңкі шалбар 1 жиынт.
8 Погондары бар қара жусан түстес свитер 1 дана
9 Бүркеніш түсті далалық фуражка 1 дана
10 Бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 1 жиынт.
11 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы және погондары бар қара жусан түстес қысқы күртеше 1 дана
12 Погондары бар қара жусан түстес маусымдық плащ 1 дана
13 Жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар 1 жиынт.
14 Алып жүруге арналған белбеуі бар плащ-жамылғы 1 жиынт.

2. Аяқ киім
15 Қара түсті іші жылы қысқа қонышты былғары етік 1 жұп
16 Қара түсті қысқа қонышты лакталған былғары бәтеңке 1 жұп
17 Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке 1 жұп
18 Қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бәтеңке 1 жұп

3. Киім
19 Погондары бар ақ түсті жейде 1 дана
20 Погондары бар ашық жусан түстес жейде 2 дана
21 Погондары бар қысқа жеңді ашық жусан түстес жейде 2 дана
22 Қара түсті галстук 2 дана
23 Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының нышаны бар эмблема 1 дана
24 Қара жусан түстес галстук 1 дана
25 Бір түсті футболка 1 дана
26 Ақ түсті майка 2 дана
27 Іш киім 2 жиынт.
28 Мақта-мата ұйық 3 жұп
29 Ақ түсті былғары қолғап 1 жұп

4. Жылы заттар
30 Жылы іш киім 1 жиынт.
31 Ақ түсті кашне 1 дана
32 Қара жусан түстес кашне 1 дана
33 Жүн ұйық 2 жұп
34 Ақ түсті іші жылы былғары қолғап 1 жұп
35 Қара түсті іші жылы былғары қолғап 1 жұп

5. Амуниция
36 Алтын түстес салтанатты белдік 1 дана
37 Далалық белбеу 1 дана
38 Шалбар белбеуі 1 дана
39 Галстукке арналған қыстырма 2 дана
40 Алтын түстес аксельбант 1 дана
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен басқа) жоғары офицерлер құрамын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 2 нормасы*
 
Р/с
Заттар атауы Бір адамға заттар саны Кию мерзімі Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №

1. Киім-кешек


1 Жиек салынған көк барқын түсті фуражка 1 дана 4 жыл 1
2 Жиек салынған қара жусан түстес фуражка 1 дана 2 жыл 1
3 Жиек салынған және ашық көгілдір түсті айнала жиекті қара түсті фуражка 1 дана 5 жыл 2
4 Жиек салынған және ашық көгілдір түсті айнала жиекті ақ түсті фуражка 1 дана 5 жыл 2
5 Күнқағары бар сұр түсті қаракөлден тігілген малақай 1 дана 2 жыл -
6 Сұр түсті қаракөлден тігілген құлақшын 1 дана 2 жыл 2
7 Қара жусан түстес кепи 1 дана 2 жыл 1
8 Белгіленген түсті берет 1 дана 2 жыл 3
9 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы мен погондары бар астары жылы сұрғылт түсті пальто 1 дана 4 жыл -
10 Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы мен погондары бар сұрғылт түсті шинель 1 дана 5 жыл 2
11 Жиектер салынған және погондары бар көк барқын түсті мундир мен жиектер салынған және лампастары бар балағы түсіңкі шалбар 1 жиынт. 4 жыл 1
12 Жиек салынған және погондары бар ашық сұр түсті мундир мен жиектер салынған және лампастары бар көк барқын түсті балағы түсіңкі шалбар 1 жиынт. 4 жыл -
13 Погондары бар ақ түсті мундир 1 дана 5 жыл 2
14 Погондары бар қара түсті мундир 1 дана 5 жыл 2
15 Жиектер салынған және лампастары бар қара түсті балағы түсіңкі шалбар 1 дана 5 жыл 2
16 Жиектер салынған және лампастары бар қара түсті балағы етікке салынатын шалбар 1 дана 5 жыл 2
17 Погондары бар қара жусан түстес китель мен лампастары бар және жиектер салынған балағы түсіңкі шалбар 1 жиынт. 2 жыл 1
18 Жиектер салынған және лампастары бар белгіленген түсті балағы түсіңкі күнделікті шалбар 3 дана 2 жыл 1
19 Погондары бар қара жусан түстес свитер 1 дана 2 жыл 1
20 Сұр түсті жағасы және погондары бар қара жусан түстес қысқы күртеше 1 дана 2 жыл 1
21 Погондары бар қара жусан түстес маусымдық плащ 1 дана 2 жыл -
22 Алып жүруге арналған белбеуі бар плащ-жамылғы 1 жиынт. 7 жыл -
23 Бүркеніш түсті далалық фуражка 1 дана 1 жыл 5
24 Бүркеніш түсті далалық күртеше мен балағы тік пішілген шалбар 2 жиынт. 1 жыл 4, 5
25 Жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар 1 жиынт. 2 жыл 4, 5

2. Аяқ киім


26 Қара түсті іші жылы қысқа қонышты былғары етік 1 жұп 2 жыл -
27 Қара түсті лакталған қысқа қонышты былғары бәтеңке 1 жұп 4 жыл -
28 Қара түсті қысқа қонышты былғары бәтеңке 2 жұп 1 жыл -
29 Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке 1 жұп 1 жыл 6
30 Қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бәтеңке 1 жұп 2 жыл -
31 Қара түсті құрым етік 1 жұп 2 жыл 2
32 Қара түсті іші жылы құрым етік 1 жұп 5 жыл 2

3. Киім


33 Погондары бар ақ түсті жейде 1 дана 2 жыл -
34 Погондары бар ашық жусан түстес жейде 3 дана 2 жыл 1
35 Қысқа жеңді және погондары бар ашық жусан түстес жейде 2 дана 1 жыл 1
36 Қара түсті галстук 1 дана 2 жыл -
37 Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының нышаны бар эмблема 1 дана 4 жыл -
38 Қара жусан түстес галстук 2 дана 2 жыл 1
39 Ақ түсті кашне 1 дана 2 жыл -
37 Қара жусан түстес кашне 1 дана 2 жыл 1
38 Бір түсті футболка 2 дана 1 жыл 4
39 Ақ түсті майка 2 дана 1 жыл 4
40 Ақ түсті майка 1 жұп 2 жыл 7

4. Жылы заттар


41 Ақ түсті іші жылы (былғары) қолғап 1 жұп 2 жыл 7
42 Қара түсті іші жылы (былғары) қолғап 1 жұп 2 жыл -

5. Амуниция


43 Алтын түстес салтанатты белдік 1 дана 5 жыл -
44 Галстукке арналған қыстырма 2 дана 3 жыл -
45 Далалық белбеу 1 жиынт. 4 жыл -
46 Далалық сөмке 1 дана 7 жыл -
47 Астары және жылу-оқшаулау кілемшесі бар ұйықтауға арналған (каримат) қап 1 жиынт. 5 жыл -
48 Жеке заттарға арналған нессесері бар сөмке (рюкзак) 1 дана 5 жыл -
49 Алтын түстес аксельбант 1 дана 5 жыл -
* Генералдарға, олардың тілегі бойынша орнына берілетін заттардың құны шегінде жабдықтау нормасымен көзделген заттардың ішінен бір заттың орнына басқасын беруге рұқсат етіледі.
Жазғы және қысқы жабдықтау нормалары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда жылдық қажеттіліктен 20 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
1. Әуе қорғанысы күштерінде – фуражка, мундир мен шалбар, китель мен балағы түсіңкі шалбар, күнделікті балағы түсіңкі шалбар, қысқы күртеше, маусымдық плащ, свитер, галстук, кашне – қара көк түсті, жейде – ашық көк түсті.
2. Республикалық ұланда ерекше салтанатты киім нысаны кезінде қосымша беріледі.
3. Тек Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi