"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында азық-түлiкті негiздi түрде талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1281 Қаулысы
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2013 жылғы № 1204 Қаулысымен (23.12.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарын азық-түлiкпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлiк ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормалары бекiтiлсiн.
2. Жабдықты және асханалық-ас үйлiк ыдысты сатып алу республикалық бюджеттен тиiстi жылға арналып бөлiнген қаражат шегiнде кезең-кезеңмен жүзеге асырылсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормалары
Нормалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2013 жылғы № 1204 Қаулысымен (23.12.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
1-норма
«Жалпыәскери азық үлесі»
| Р/с № | Өнiмдердiң атауы | 1 адамға г/күн |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 2-сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан | 350 |
| 2. | 1-сұрыпты құнарландырылған бидай ұнынан пісірілген нан | 400 |
| 3. | 1-сұрыпты бидай ұны (құнарландырылған) | 10 |
| 4. | 1-сұрыпты қарақұмық жармасы | 30 |
| 5. | Жоғары сұрыпты сұлы жармасы | 10 |
| 6. | 1-сұрыпты арпа жармасы | 10 |
| 7. | Жоғары сұрыпты тары жармасы | 10 |
| 8. | 1-сұрыпты ұнтақталған арпа жармасы | 10 |
| 9. | Жоғары сұрыпты күріш жармасы | 30 |
| 10. | 1-сұрыпты атбас бұршақ (бұршақ, үрме бұршақ) | 10 |
| 11. | Жоғары сұрыпты макарон өнiмдерi (вермишель, түтік кеспе, кеспе) | 35 |
| 12. | 1-санатты сиыр етi | 200 |
| 13. | 1-санатты тауық еті | 30 |
| 14. | Жоғары сұрыпты жартылай ысталған шұжық | 20 |
| 15. | Тазартылған басы жоқ балық (сазан, жайын, тұқы, көксерке) | 120 |
| 16. | Тауық жұмыртқасы (дана) | 1 |
| 17. | Сиыр сүтi, майлылығы кемінде 2,5 % (миллилитр) | 90 |
| 18. | Айран*, майлылығы кемінде 2,5 % (миллилитр) | 60 |
| 19. | Қаймақ*, майлылығы кемінде 15 % | 30 |
| 20. | Сүзбе*, майлылығы кемінде 9 % | 30 |
| 21. | Мәйектi қатты ірімшiк | 35 |
| 22. | Сары май, жануар майының үлесі кемінде 72,5 % | 40 |
| 23. | Күнбағыс майы | 40 |
| 24. | Құмшекер | 70 |
| 25. | Ара балы (10 г пакеттелген) | 20 |
| 26. | Жоғары сұрыпты қара шай | 2 |
| 27. | Йодталған ас тұзы | 20 |
| 28. | Наубайханалық тығыздалған ашытқы* | 0,3 |
| 29. | Лавр жапырағы | 0,2 |
| 30. | Ұнтақталған бұрыш | 0,3 |
| 31. | Қыша ұнтағы | 0,3 |
| 32. | Тағамдық сiрке қышқылы 70 % | 0,1 |
| 33. | Жаңа пiскен картоп | 420 |
| 34. | Жаңа піскен ақ қауданды қырыққабат | 130 |
| 35. | Жаңа пiскен қызылша | 40 |
| 36. | Жаңа пiскен сәбiз | 95 |
| 37. | Жаңа пiскен басты пияз | 65 |
| 38. | Жаңа пiскен сарымсақ | 5 |
| 39. | Жаңа пiскен қияр* | 50 |
| 40. | Жаңа пiскен қызанақ* | 50 |
| 41. | Томат пастасы | 6 |
| 42. | Жаңа пiскен тәтті бұрыш | 20 |
| 43. | Жаңа пiскен көк* (көк пияз, аскөк, желкек) | 20 |
| 44. | Көкөнiс шырыны (миллилитр) | 90 |
| 45. | Жаңа пiскен жемiс (алма, банан, апельсин) | 200 |
| 46. | Кептiрiлген жемiс (мейіз, өрік қағы, қара өрік) | 20 |
| 47. | Жемiс-жидек шырыны (миллилитр) | 90 |
| 48. | Поливитаминдi препарат, драже (желтоқсан-мамыр) | 1 |
* оларды беру мүмкін болмаған кезде нормаға сәйкес ауыстырылады.
1. Осы норма бойынша мемлекет есебiнен:
1) басқа нормалар бойынша азық-түлiк алатындарды қоспағанда, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi;
2) ведомстволық тиесілігіне қарамастан, гауптвахтада жазасын өтейтін әскери қызметшілер;
3) әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілер, әскери даярлаудан өтетін әскери кафедралардың студенттерi, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттары – жиындардан (тағылымдамадан) өту кезеңінде, сондай-ақ осы бөлiмдерге, бөлiмшелерге iссапарға келген әскери қызметшілер;
4) штаттық әскери оркестрлердiң музыкант тәрбиеленушiлерi, оларда мерзiмдi қызмет әскери қызметшілерi осы норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледі;
Полная версия

