Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 05.12.2005
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149 қаулысы
Редакция 28.01.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары және мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жылына екi рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жылына екi рет, eceпті жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне және бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органға Ic-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есептi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2004. № 1375, 28.01.2005. № 73 қаулыларымен (06.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
___________________________________________________________________
Р/с|Іс-шара |Аяқтау нысаны |Орындауға |Орындау|Болжамды|Қаржы.
N | | |жауаптылар|(iске |шығыстар|ландыру
| | | |асыру) |(млн. |көзі
| | | |мерзiмi|теңге) |
___|_____________|______________|__________|_______|________|______
Полная версия