Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының ережелерiн жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
Внимание! Документ утратил силу с 29.03.2000
Кедендiк алып жүру туралы Ереже Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы кеден комитетi 1995 жылғы 7 желтоқсан N 193-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 18 қаңтарда N 144 тіркелді.
Осы Ереже күшін жойды ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 29.03.2000 жылғы N 266 Бұйрығымен бекітілген, ҚР Қаржы министрлігінің 31.03.2000 жылғы N 152 Бірлескен бұйрығына сәйкес
1. Кедендiк алып жүру туралы Ереже (N 1 қосымша) және Кеден жасағының
лауазымдық мiндеттерi (N 2 қосымша) бекiтiлсiн. 2. Кеден күзетi мен режимi басқармасы (Исабаев) бiр ай мерзiмiнде Қазақстан Республикасы шекарасында өткiзу пункттерiнде кеден объектiлерiн күзетудi қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзiрлесiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Кеден комитетi Төрағасының орынбасары А.Р.Матақбаевқа жүктелсiн. Төраға Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П Бұйрығына N 1 қосымша Кедендiк алып жүру туралы Ереже I. Жалпы Ережелер
1.1. Кеден органының тасымалдаушының не оның көлiк құралының Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының (бұдан әрi мәтiн бойынша - Жарлық) ережелерiн сақтауға кепiлдiк бере алмайтын жағдайда, кеден органы тауарлардың транзиттiң кеден режимiне орналастыруға жол беруге немесе көлiк құралын керегiнше жабдықтау, кедендiк алып жүру, не кеден тасымалдаушысының тауарларды тасымалдауы жағдайында ғана кеден бақылауымен тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес тауарларды тасымалдауға рұқсат беруге құқылы.
Осы Ереже транзиттiң кеден режимiне орналастырылған немесе кеден бақылауымен тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес тасылатын тауарларды кедендiк алып жүру тәртiбiн белгiлейдi.
1.2. Кедендiк алып жүру кедендiк күзет пен режим бөлiмiнiң (бұдан әрi - кеден жасағы) лауазымды адамдары жүргiзедi. Кедендiк алып жүрудi тек қана жөнелтушi, жiберушi кеден органының кеден жасағы емес, сонымен қатар осы Ережеде көзделген жүктерi бар көлiк құралдарының жүру бағыттары аумағы бойынша өтетiн тиiстi аумақтық кеден органының кеден жасағы жүзеге асыра алады.
1.3. Кедендiк алып жүруге тауарлардың Қазақстан Республикасы кеден органдары арасында шет ел мемлекеттерi аумағы арқылы тасылуы кезiнде жол берiлмейдi.
1.4. Транзиттiң кеден режимiне орналастырылған немесе кеден бақылауымен тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес тасылатын тауарларды кедендiк алып жүру жағдайында кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi (тиесiлi сомаларды депозитке салу не үшiншi адамның кепiлi) алуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылмайды.
1.5. Кеден бақылауымен транзит кезiндегi кедендiк алып жүруге байланысты тасымалдаушыда, жөнелтушiде немесе алушыда пайда болатын шығыстарды кеден органдары өтемейдi.
1.6. Осы ережеде ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
- кедендiк алып жүру - көлiк құралдары және олардың таситын тауарларын кеден жасағының алып жүруi;
- тасымалдаушы - тауарларды iс жүзiнде өткiзетiн не көлiк құралын пайдалануға жауапты тұлға;
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыруды дамыту мен жетiлдiру шаралары туралы" қаулысымен бекiтiлген 2-қосымшаның талаптарын бұзатын көлемi сай емес тiркемелер мен жартылай тiркемелер көлiк жабдықтары ретiнде саналатын жағдайларды қоспағанда "көлiк құралдары - автомобильдердiң тiркеп сүйретуiне арналған, жол қозғалысына бiр бүтiн ретiнде қатысатын және халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдау iсiнде пайдаланылатын тiркемелердi, жартылай тiркемелердi қосқандағы атвокөлiк құралдары";
- транзит тауарлары - Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы кеден бақылауымен өткiзiлетiн және Қазақстан Республикасы аумағында еркiн айналымға арналған тауарлар;
- жеткiзiлетiн тауарлар - кеден бақылауымен өткiзiлетiн және Қазақстан Республикасы аумағында еркiн айналымға не Қазақстан Республикасы кеден аумағына тұтыну үшiн арналған тауарлар.
#$1.6-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң
15.11.1995 жылғы 236-П бұйрығымен.
#$1.6-тармақтың 3-абзацы өзгертiлдi, 4-абзацы жаңа
редакцияда - ҚР Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң
1997.07.25. N 191-П бұйрығымен.
2. Кедендiк алып жүру туралы шешiм
2.1. Кеден органының транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк алып жүру туралы шешiмi тауарларды жөнелтушi, алушы және тасымалдаушы үшiн мiндеттi болып табылады.
2.2. Кедендiк алып жүру туралы шешiмдi жөнелтушi немесе жiберушi кеден органының, сондай-ақ тиiстi аумақтық кеден органының бастығы немесе олардың орнындағы адамдар қабылдайды.
Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданатын кезде:
- тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияланатын тауарлар, әкелiнуiне өзге мемлекеттiк органдардың рұқсаты талап етiлетiн тауарлар, кеден баждары мен салықтары салынатын тауарлар);
- тасымалдау бағыты;
- тасымалдаушы туралы қолдағы бар мәлiметтер;
- кеден органына тауарлардың, көлiк құралдарының және оларға құжаттардың жеткiзiлмей қалуына және тиесiлi кеден төлемдерiнiң төленбей қалуына әкелiп соғатын басқа да факторлар еске алынады.
#$2.2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң
15.11.1995 жылғы 236-П бұйрығымен.
#$2.2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң
1997 жылғы 16 мамырдағы N 41 бұйрығымен.
2.2-тармақтың 3-абзацы жаңа редакцияда ҚР Мемлекеттiк
Кеден комитетiнiң 1997.07.25. N 191-П бұйрығымен.
2.3. Тауарларды кедендiк тасымалдаушы таситын, тауарларды МДП кiтапшасын (МДП Конвенциясы, 1975) қолдана отырып, Халықаралық жүк тасымалдау туралы кеден конвенциясына сәйкес таситын жағдайда кедендiк алып жүру туралы шешiм тасымалдау барлық жағдаяттар ескерiлiп және тек қана:
- мұндай тасымалдауға кеден заңдарына сәйкес жол берiлетiн жағдайда Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге тиым салынған;
- лицензиялауға жататын әкелiнетiн;
- өзге мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын тауарларға қатысты қабылданады.
2.4. Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданатын жағдайда кеден жасағының талабымен тасымалдаушы оған кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдайлар жасап, жеке орындар беруi тиiс.
2.5. Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдау және алып жүрудiң өзiн тiкелей ұйымдастыру тауарларды тасымалдаудың мерзiмдерiн айтарлықтай ұзартпауы тиiс.
Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданатын жағдайда мұндай алып жүру шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен кешiктiрiлмей (тасымалдаушының өзiне жүктелген барлық мiндеттерiн орындайтын және кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлейтiн кезде) ұйымдастырылуы тиiс.
2.6. Кедендiк алып жүру туралы шешiм жазбаша түрде қабылданады және екi данада жасалады. Шешiмде көлiк құралдарының түрi мен саны, көлiк құралдарының тұрған жерi, жiберушi кеден орган мен жеткiзетiн жердiң мекен-жайы, жеткiзу бағыты мен мерзiмi, сондай-ақ керектi кедендiк алып жүру үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер көрсетiледi. Тауарларды алыс қашықтыққа тасымалдау, бiр кеден органының құрылымдық бөлiмшелерi арасында тасымалдау жағдайында шешiм кеден органы бастығы бекiткен оңайлатылған нысанда ресiмделуi мүмкiн.
2.7. Жiберушi кеден органы кеден жасағының (немесе аумақтық кеден органының жасағының) кедендiк алып жүруi туралы шешiмдi жөнелтушi кеден органы бастығымен келiсе отырып жiберушi кеден органының (немесе аумақтық кеден органының бастығы) қабылдай алады. Мұндай шешiм жөнелтушi кеден органы жiберушi кеден органына дейiн жеткiзiлетiн және транзиттiк тауарларды кедендiк алып жүрудi дәлелдi себептермен ұйымдастыра алмайтын жағдайда қабылданады. Жiберушi кеден органы кеден жасағының (немесе аумақтық кеден органы жасағының) кедендiк алып жүруi туралы шешiмдi қабылдайтын және келiсетiн кезде осы Ереженiң 2.5. тармағының ережелерi ескерiледi. Келiсiлген мерзiмдi қысқарту мақсатында шешiм ауызша түрде телефон бойынша немесе жедел желiлердi (телекстердi, факстердi) пайдалану жолымен жүргiзiледi.
3. Кедендiк алып жүру кезiндегi тасымалдаушының
мiндеттерi
3.1. Тасымалдаушы:
- тауарлар және оларға құжаттарды тасымалдаудың қалыпты жағдайында табиғи тозу немесе кемуi салдарынан өзгерудi қоспағанда олардың орамалары мен күйiн өзгертпей, кеден органы белгiлеген жерге жеткiзу мен транзиттеуден және сол орында болатыннан басқа мақсатта пайдаланбай жеткiзуге;
- жөнелтушi кеден органы белгiлеген транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарларды тасымалдаудың мерзiмдерi мен қозғалыс бағытын сақтауға;
- жiберушi кеден органы бойынша тауарлар және оларға құжаттарды көрсету мен тапсыруды қамтамасыз етуге, жiберушi кеден органының шешiмi бойынша тауарларды ұсынуды жүзеге асыруға;
-авария немесе жойқын күш әрекеттерi кезiнде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың пайдаланылуына жол бермеуге мiндеттi, өзгеше жағдайда Жарлықтың 253 бабына сәйкес тасымалдаушы жауап бередi.
- кеден жасағына кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға және оған қызметтiк мiндеттердi орындауға жәрдемдесуге мiндеттi.
4. Кедендiк алып жүру кезiнде тасымалданатын
транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарларды ресiмдеу
4.1. Жөнелтушi және жiберушi кеден органында транзиттiк және ресiмделетiн тауарларды (бұдан әрi - тауарларды) ресiмдеу Жарлықтың талаптарына сәйкес осы тауарда белгiленген ерекшелiктер ескерiлiп жүргiзiледi.
4.2. Кедендiк алып жүру жағдайында транзиттiк декларацияның немесе тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау құжатының қосымша (бесiншi) парағы толтырылады.
Аталған қосымша парақты кеден органы осы Ереженiң 6.1. тармағында көрсетiлген нормативтi құжаттарға сәйкес ресiмделедi.
Қосымша парақтарды қосқанда транзиттiк декларацияның, тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау құжатының барлық парақтарында және көлiк құжаттарында жөнелтушi кеден органы басқа мөртаңбалармен бiрге алып жүру туралы (N 1а қосымша) мөртаңбаны қояды.
4.3. Транзиттiк декларацияның немесе тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау құжатының екiншi, үшiншi және қосымша парақтары транспорттық тауарға iлеспе және өзге де қажеттi құжаттармен бiрге жiберушi кеден органына көрсету үшiн кеден жасағының бастығына берiледi.
4.4. Жiберушi кеден органы жеткiзiлетiн жерiне көлiк құралдары мен олардың тасыған тауарлары келген соң транзиттiк декларацияның немесе тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау құжатының екiншi, үшiншi және қосымша парақтарына мөртаңба (N 1б қосымша) қойып, белгiленген тәртiппен куәлендiредi.
Аталған құжаттардың қосымша парағы жөнелтушi кеден органына көрсету үшiн кеден жасағы бастығына не аумақтық кеден органына қайтарылады. Жіберуші кеден органына тауарлардың түсуiне бақылау жасау аталған құжаттар ұсынылған соң аяқталады.
5. Кедендiк алып жүрудiң тәртiбi
5.1. Көлiк құралдарын немесе конвойды кедендiк алып жүру iлеспелi көлiк құралында немесе кеден органының автокөлiгiнде жүзеге асырылады.
5.2. Кедендiк алып жүру жөнелтушi кеден органынан жiберушi кеден органына дейiн үздiксiз жүзеге асырылады. Көлiк құралдарының жүретiн жолы бойында орналасқан кеден органдарындағы кеден жасағы ауысымы кедендiк алып жүрудi жүргiзген жағдайда аталған кеден органдары транзиттiк декларацияның немесе тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау құжатының барлық парақтарына кедендiк алып жүру туралы жаңа мөртаңба қойып шығады. Кеден жасағының ауысымы өткiзетiн кезде 2 қосымшада келтiрiлген нысан бойынша акт жасалынады.
5.3. Алып жүрудi жүзеге асыру кезiнде кеден жасағының жеке құрамы Жарлықпен белгiленген ережелерге сәйкес дене күшiн, арнайы құралдарды және оқпен ататын қаруды қолдануға құқылы.
5.4. Кеден жасағын жөнелту алдында кедендiк күзет пен режим бөлiмi бастығымен бiрге жөнелтушi кеден органының бастығы немесе оның орнындағы адам құрамды және жасақтың жабдықтарын, жеке құрамның мiндеттерiн бiлуiн, оқпен ататын қарудың, арнайы құралдар мен жеке қорғаныс құралдарының жайын, сыртқы түрiн тексередi. Алып жүрудiң арнайы кеден жасағының күллi жеке құрамы маусым бойынша белгiленген нысандық киiмдi киiп жүруi тиiс.
5.5. Транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарлардың жоғалуына немесе жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн жағдаяттар пайда болғанда кеден жасағының жеке құрамы аталған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн өзiне байланысты барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
6. Тауарларды тасымалдау кезiндегi кедендiк
алып жүрудiң ерекшелiктерi
6.1. Тауарды тасымалдау шарттары мен сипатына қарай жол көлiк құралдарымен тасылатын тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде бiр конвойға бiр кеден жасағына 10-нан аспайтын автомобиль енгiзiлуi мүмкiн. Кеден жасағының аға жетекшiсi конвойдың аға жетекшiсi болып табылады, оның нұсқаулары мен өкiмдерiн кеден жасағының лауазымды адамдары және транспорт қызметкерлерi орындауы тиiс. Кеден жасағының жеке құрамы жол көлiк құралының басында және аяғында орналасады. Колоннаның тоқтаған кезiнде кеден жасағы конвойдың екi жағын бақылайды.
Конвойдағы жол көлiк құралдарының бiреуi бұзылған жағдайда жөндеу немесе басқа көлiк құралына тиеу аяқталғанша күллi конвой кiдiртiледi. Мұнда екi данада акт жасалынады. Актiде кеден жасағының аға жетекшiсi қол қояды. Кеден жасағының аға жетекшiсi қажет болған жағдайда қайта тиелген тауарлардың теңдестiрiлуiн қамтамасыз етедi. Актiнiң екiншi данасын кеден жасағының аға жетекшiсi жiберушi кеден органы бастығына тапсырады.
7. Кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алымдар
7.1. Бiр жол көлiк құралын кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алымдар Жарлықтың 120 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 "Кеден төлемдерiнiң ставкалары туралы" Қаулысына сәйкес алынады.
1.6-тармақтың 4-абзацында көрсетiлген көлемi сай емес тiркемелер немесе жартылай тiркемелердi жолдамалау үшiн жеке көлiк құралындай кеден алымдары алынады. 7.1-тармағы жаңа абзацпен толықтырылсын - ҚР Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң 1997.07.25. N 194-П бұйрығымен. 7.2. Кедендiк алып жүру үшiн алымдар тасымалдаушыдан кедендiк алып жүру басталғанға дейiн алынады. Кедендiк алып жүру туралы Ережеге N 1 Қосымша Кедендiк алып жүру кезiнде қолданылатын жай мөртаңбалар _______________________________ | | Қазақстан Республикасы | а. | | Кеден комитетi | |____|(Кеден органының атауы) | | | Кедендiк алып жүру | | | арқылы | | | | | | 199___ "__"____________| | | | |____|________________________| 63 х 27 _______________________________ | | Қазақстан Республикасы | б.|____| Кеден комитетi | | |(Кеден органының атауы) | | | | | | Тауар келiп түстi | | | | | | 19__"__"______________| | | | |____|________________________| 63 х 27 Кедендiк алып жүру туралы Ережеге N 2 Қосымша Кедендiк алып жүрудi қабылдау-өткiзу актiсi Тауарға iлеспелi құжаттары бар________________________________ накладнойлардың NN __________________________________________________бара жатқан көлiк құралдарының атауы жүктi кедендiк алып жүрудi жасақтың аға жетекшiсi___________________________________өткiздi, тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты жасақтың аға жетекшiсi_______________________________қабылдады тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты Жүк өзгермеген күйде, жүк бөлiмдерi қорғасын мөр таңбалармен N _________________ мөрленген саны Қосымша қорғасын мөртаңбалар қойылған _________________________ саны Жасақтың аға жетекшiсi_____________________________ ___________ кеден органының атауы қолы Жасақтың аға жетекшiсi_____________________________ ___________ кеден органының атауы қолы 19___ж "____"____________________ Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П Бұйрығына N 2 қосымша Кеден жасағының лауазымдық мiндеттерi 1. Кедендiк алып жүру кезiндегi кеден жасағының мiндеттерi
1.1. Кеден жасағын жасақтың аға жетекшiсi басқарады. Егер кеден жасағы бiр адамнан тұрса, онда ол бiр мезгiлде кеден жасағының аға жетекшiсi болып табылады. Кеден жасағының аға жетекшiсi және оның жеке құрамы Жарлық және осы Ережемен бекiтiлген өз мiндеттерiн сөзсiз орындауы тиiс.
1.2. Кеден жасағы транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарлардың жiберушi кеден органына өзгертiлмеген күйде белгiленген мерзiмде және белгiленген бағыттар бойынша келiп түсуiн қамтамасыз етiлетiндей аталған тауарларға бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
1.3. Жасақтың аға жетекшiсi:
- кеден жасағы жеке құрамына және транспорт қызметкерлерiне кедендiк алып жүру тәртiбi, сондай-ақ кедендiк алып жүрумен тауарларды тасымалдау кезiндегi олардың құқықтары мен мiндеттерi туралы нұсқаунама өткiзуге;
- тауарларды тасымалдау бағытының ерекшелiктерiн оқып үйренуге, бағыттың мүмкiн боларлық жайларын болжамдауға және әдеттен тыс жағдайлар пайда болғанда жасақтың жеке құрамы әрекетiнiң тәртiбiн анықтауға;
- кедендiк алып жүру кезiнде кеден жасағы жеке құрамының орналасқан жерiн және тасымалданатын тауарларды бақылауды жүргiзу тәртiбiн анықтауға;
- кедендiк алып жүру кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге;
- кеден жасағы жеке құрамының құрал-жабдықтарымен, оның байланыс құралдарымен жасақталуын тексеруге;
- тауарлардың кедендiк алып жүрумен тасымалдануы кезiнде кеден заңдарының сақталуына жалпы бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
1.4. Кедендiк алып жүру кезiнде кеден жасағының жеке құрамы:
- алып жүрiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына бақылау жүргiзуге;
- көлiк құралдарының жүк бөлiмдерiне салынған кеден мөрлерi мен қорғасын мөртаңбаларының жағдайын, сондай-ақ тасымалданатын тауарларды теңдестiру құралдарын тексеруге;
- қару мен арнайы құралдарды қолдану үшiн үнемi даярлықта ұстауға;
- қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтауға;
- iлеспелi көлiк құралдарымен бөгде адамдардың жүрiп өтуiне жол бермеуге мiндеттi.
1.5. Авария немесе жойқын күш әрекеттерi кезiнде кеден жасағы тасымалдаушыға оның өз мiндеттерiн орындауына жәрдемдеседi. Жол оқиғасы туралы хаттама кеден жасағының аға жетекшiсiнiң қатысуымен жасалады.
2. Кеден жасағын құру
2.1. Кеден органының бастығы кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдаған күнi осы шешiмнiң бiрiншi данасын тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау жасайтын бөлiмге (бұдан әрi ТЖББ), екiншiсiн кедендiк күзет пен режим бөлiмiне жiбередi.
ТЖББ байланыстың жедел желiлерi бойынша жiберушi кеден органы мен кеден органдарының ТЖБ бөлiмдерiне кеден жасағы ауысымының қай жерде жүргiзетiнi, iлеспелi көлiк құралдарының келетiн уақыты мен орны туралы хабарлайды.
Кедендiк күзет пен режим бөлiмi кеден жасағын көлiк құралдарының түрiн, санын, тасымалдау мерзiмi мен шарттарын, тасылатын тауардың сипатын, сондай-ақ жасақтың құрамына әсер ете алатын басқа да факторларды ескерiп құрады.
2.2. Кеден жасағы жеке құрамын оқпен ататын қарумен, арнайы құралдармен және жеке қорғаныс құралдарымен алып жүру бағытындағы жедел жағдайға қарай қаруландыруды кедендiк күзет пен режим бөлiмiнiң бастығы анықтайды.
2.3. Кеден жасағының:
- кедендiк күзет пен режим бөлiмi бастығының оқ-дәрiнiң үлгiсi мен санын, кеден жасағы аға жетекшiсi мен кеден жасағының күллi жеке құрамының аты жөндерiн көрсете отырып, кеден органының елтаңбалық мөрiмен куәлендiрiлген жазбаша нұсқауы;
- қорғасын мөртаңбалық құрылғысы;
- қажет болған жағдайда - баратын ары-берi жолына азық-түлiгi немесе оған ақшасы, тамақ пiсiру мен iшуге ыдысы, сондай-ақ iшетiн суға ыдысы, бекеттiк киiм-кешегi, жасақтың барлық құрамына төсекке керек жабдықтарды, жолда бiр тәулiктен аса болатын кезде медициналық дәрi-дәрмек қорапшасы, ракетницасы, белгi беретiн қызыл жадаушылары мен қызыл түстi жарық беретiн фонарьлары болуы тиiс.
2.4. Кедендiк күзет пен режим бөлiмi кеден жасағын құру кезiнде қажет болған жағдайда жол тасымалдауы кезiнде кедендiк алып жүру тәртiбi туралы тасымалдаушымен немесе iшкi iстер органдарымен келiседi.
2.5. Көлiк құралдары мен олардың тасымалдайтын тауарларын жiберушi
кеден органы кеден жасағының немесе аумақтық кеден органы жасағының кедендiк алып жүруi жағдайында мұндай жасақ осындай шешiм қабылданып келiсiлген соң мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жөнелтушi кеден органына келiп, кедендiк алып жүру бойынша өз мiндеттерiне кiрiсуге тиiс. Жөнелтушi кеден органы кеден жасағын күтiп алуды, ал кедендiк күзет пен режим бөлiмi "Кеден жасағының лауазымдық мiндеттерiнiң" 2.1. тармағына сәйкес нұсқаунаманы ұйымдастыруы тиiс. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.
Полная версия