Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2012
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 146 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 18.10.2012 № 408 Жарлығымен. (31.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін беру »;
2) «Құқықтық статистикалық ақпарат ұсыну » мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 146 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) көрсетеді.
Аумақтық органдардың мекен жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34, қабылдау бөлмесінің телефоны 8(7172) 31-81-88, электрондық пошта мекенжайы: otvb@pravstat.kz.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 5) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтырудың үлгілері www.pravstat.kz интернет-ресурсында, Комитеттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарында үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтерде орналасқан.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны - мөрмен бекітілген мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық көшірмелерді немесе мұрағаттық үзінділерді беру не сұратылған мәліметтің жоқтығы туралы Комитет және оның аумақтық органдары басшысының қолы қойылған жазбаша растау болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға - Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Полная версия

