Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2000
Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар қыран құстардың тұқымын сақтап қалу жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 тамыз N 1150.
Республиканың Қызыл Кiтабына енгiзiлген, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар неғұрлым бағалы қыран құстардың тұқымын сақтап қалуға нұқсан келуiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi: 
1. Сұңқардың, Ителгiнiң, Бидайықтың, Лашынның, Тұрымтайдың, Дала қыранының, Бүркiттiң республикадағы саны анықталғанға дейiн оларды аулауға рұқсат беруге, Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салсын. 
2. Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген неғұрлым бағалы қыран құстардың санын есепке алуды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
Полная версия
ИС BestProfi