1. Қоса беріліп отырған:
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2010
Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2737
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2010 № 377 Бұйрығымен. (18.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 18.10.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1) Актілердің, хаттамалардың, қаулылар мен ұйғарымдардың нысандары;
2) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы "Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандары мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы" N 178 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесі
: Бүкіл мәтін бойынша "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ҚР заңының талаптарын бұзу туралы" сөздер тиісінше "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" сөздермен ауыстырылды "әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы" сөздер тиісінше "әкімшілік жаза қолдану туралы" сөздермен ауыстырылды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
1. Осы Ереже мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті актілерді жасау және беру тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңымен белгіленген талаптардың бұзылуына қарай объектілерді тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актілер шығарады:
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісі;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулылары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптары бұзылған жағдайда адамдарға тәртіптік жаза қолдану туралы, әкімшілік жаза қолдану туралы, уақытша жұмыстан босату туралы, шаруашылық жүргізу қызметін тоқтату, халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді, сондай-ақ шаруашылық қызметте әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулылары;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзуға жол бермеу және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар.
#$: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482, 2006 жылғы 18 қазандағы № 489 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері бекітілген нысандар сақтала отырып, типографиялық тәсілмен басып шығарылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Полная версия