Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 342 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 4, 8 және 9-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18-1, 18-2 және 18-3-жолдармен толықтырылсын:
 
18-1 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚжТК ШІА Қаңтар Ақпан Мамыр Н.П. Тихонюк
18-2 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЭДСМ Қаңтар Сәуір Маусым М.Ә. Құсайынов
18-3 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЭДСМ Қаңтар Сәуір Маусым М.Ә. Құсайынов
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi