Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 және 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 987 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:
5-бағандағы реттік нөмірі 6-жолда «1-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бағандағы «, СӘК (келісім бойынша)» деген сөздер алып тасталсын;
5-бағандағы «3-тоқсан» деген сөздер «4-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 167-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 29 және 30-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:
 
43-1 Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЖС (келісім бойынша) Қазан Қараша Желтоқсан А.Д.Тәшенова
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi