Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 272 Қаулысы
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 241 Қаулысымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 241 Қаулысымен.
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі