Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 272 Қаулысы
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 342 Қаулысына сәйкес (03.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 жылғы № 141 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.03.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 342 (03.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 наурыздағы
 N 272 қаулысымен
 бекітілген
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 342 (03.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі
басқа да спельталар, жұмсақ бидай және тұқымдық меслиндер;
6) мақта талшығы, таралған немесе тарақпен таралған;
2) қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары;
3) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдар:
жазық (табақ, таспа, фольга), сұрыптық (шеңбер, шыбық, бұрыш, төрт бұрыш, алты қырлы, швеллер, тавр, двутавр) илектер, құбырлар, түтікшелер;
Полная версия
ИС BestProfi