Бұл Заң тұтынушылар праволарын қорғаудың праволық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ кепiлдiктерiн баянды етедi.
Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2010
Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы Қазақ Советтік Социалистік Pеспубликасының 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңы
Осы Заң күшін жойды 18.08.2010 жылдан бастап ҚР 04.05.2010 жылғы № 274-IV Заңына сәйкес
Редакция 26.06.1992 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары тұтынушылардың өздерiн сапалы товарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету жөнiндегi жеке праволарын қорғауға байланысты тиiмдi шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
І бөлім. Жалпы ережелер
1-статья. "Тұтынушылардың праволарын қорғау" туралы Қазақ ССР Заңының мақсаттары мен негiзгi міндеттерi
"Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңы тұтынушы мен сатушының немесе жұмыс атқарушының, қызмет көрсетушiнiң арасындағы қарым-қатынасты реттеудi, олардың праволары мен мiндеттерiн белгiлеудi, тұтынушылардың праволарын қорғау мәселелерiн шешудi мақсат етедi және мынадай міндеттердi шешуге бағытталған:
1. Азаматтардың заңды мүдделерiнiң дайындаушылар мен сатушылардың мүдделерiнен басымдығын мойындау.
2. Тұтынушылардың ақпар алу, сапалы өнiм алу, сапалы товар айырбастап алу праволарын, сондай-ақ тұтынушыларға сапасыз товар сатқан жағдайда өз праволарын жүзеге асыру.
3. Тұтынушыны оның өмiрi мен денсаулығына төнетiн хауіп-қатерден қорғау.
4. Тұтынушылардың мүдделерiн қорғау саласында халықаралық және республикааралық ынтымақтастықты кеңейту.
5. Тәуелсіз топтардың (тұтынушылар қоғамдарының) құрылуына және қызметiне көмектесу.
2-статья. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады:
1. Тұтынушы - жеке өзi тұтыну немесе жеке меншiк шаруашылықта пайдалану мақсатында товар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтердi пайдаланатын азамат.
2. Сатушы - товарларды сатып алу-сату шарты бойынша өткiзетiн кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
3. Дайындаушы - товарды өткiзу үшiн өндiретiн кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
4. Орындаушы - жұмыс атқаратын немесе қызмет көрсететін кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
5. Шарт - сапа, мерзiм, баға және сатып алу, сату, жұмыс пен қызмет жүзеге асырылатын басқа да жағдайлар туралы тұтынушы мен сатушының (орындаушының) арасындағы ауызша немесе жазбаша келiсiм.
6. Өнiм - товарлар, жұмыстар, қызметтер.
Полная версия

