Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.10.2011
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы N 1128-ХІІ Заңы
Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004. № 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
Осы Заң күшін жойды 25.10.2011 жылдан бастап ҚР 11.10.2011 жылғы № 483-ІV Заңына сәйкес
Редакция 05.07.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таниды, азаматтардың діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болуына кепiлдiк бередi, Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудi таниды.
Жаңа кіріспемен толықтырылды ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен.(Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ адам хұқықтары туралы халықаралық актiлер мен келiсiмдерде баянды етiлген азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi хұқықтарын iске асыруға кепiлдiк бередi. 
Дiн ұстану және нанымды уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың өмiр сүру, денсаулық хауiпсiздiгiн, имандылығын немесе хұқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуi мүмкін.
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004. № 13 Заңымен (11.07.1997 жылғы редакцияны қараңыз).(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) ғибадат үйі (ғимараты) - құдайға құлшылық етуге, дұға оқу мен діни жиналыстарға, тәу етуге (мінәжат етуге) арналған объект; 
2) миссионерлiк қызмет - өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын дiни бiрлестiктердiң жарғылық ережелерінде жоқ дiни сенiмдi діни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату; 
3) дiни бірлестіктермен байланыстар жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi мемлекеттiк орган.
1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен.(Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
2-бап. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдар
Қазақстан Республикасының дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының, ведомстволардың осы Заңға қайшы келетiн нормативтiк актiлердi шығаруына жол берiлмейдi.
Eгep Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004. № 13 Заңымен (11.07.1997 жылғы редакцияны қараңыз).(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзi, сондай-ақ басқалармен бiрге кез келген дiндi еркiн ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға хұқылы, дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге көзқарасына қарамастан экономикалық, саяси, әлеуметтiк және мәдени өмiрдiң барлық салаларында заң алдында бiрдей жауапты. Азаматтардың дiнге көзқарасына қарай олардың хұқықтарын тiкелей немесе жанамалап шектеу немесе қандай да бiр артықшылықтар белгiлеу, немесе соған байланысты өшпендiлiк пен жеккөрушiлiк туғызу, не азаматтардың сезiмдерiн жәбiрлеу, сондай-ақ қайсы бiр дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады. 
3аңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқ. 
Дiни наным себебiмен атқарылуға тиiс бiр мiндеттi екiншiсiмен алмастыруға тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiледi.
Полная версия
ИС BestProfi