Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2013
"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2137.
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.02.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу кезінде ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында   БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалаларының БІІБ-ның, облыстардың БІІБ-ның, ІІБ-ның бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Нұсқаулықтың талаптарының зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н. Өмірзақов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2003 жылғы 16 қаңтар
 N 22 бұйрығымен
 бекітілген
"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру  
  жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 
1. "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі (бұдан әрі - ААІЖ) автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелердің (бұдан  әрі - көлік құралдары) мемлекеттік техникалық байқаудан (бұдан әрі - техникалық байқау) өтуінің есебін жүргізу, көлік құралдарының техникалық жағдайы бойынша статистикалық талдау жүргізу, көлік құралдарының санын нақтылау, жүк көтергіштігі, отыру орындары, двигателінің көлемі мен қуаты бойынша салық салу объектілері - көлік құралдары туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін арналған. Бұл ретте арнайы есеп жүргізулер бойынша көлік құралдары мен иесін автоматтандырылған тексеру орындалады.
2. "Технадзор" ААІЖ көлік құралдарына жол қозғалысына қатысуға рұқсат ету үшін қажетті арнаулы өнім болып табылатын көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы актілері бланкілерінің (1-қосымша), көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондардың (2-3-қосымша) нөмірлі есебін жүргізеді. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды жұмсаудың есебі белгіленген тәртіппен жүргізіледі және Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды сақтауды және беруді тіркеу журналында (10-қосымша) көрсетіледі. 
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 651, 2007 жылғы 26 ақпандағы № 83 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
3. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырушы болатын конкурс өткізу арқылы жүргізіледі. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету жөніндегі конкурсты ұтып алған заңды немесе жеке тұлға көрсетілген бағдарламалық өнімді алып жүрудің және қамтамасыз етудің толық циклын жүзеге асырады.
2. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын ұйымдастыру  
  жөніндегі іс-шаралар 
4. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшесі (бұдан әрі - жол полициясының бөлімшесі) құрамына компьютер, лазерлі принтер, модем кіретін бағдарламалық-аппараттық кешендермен жарақтандырылады.
5. "Технадзор" автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) жол полициясының әрбір техникалық бақылау пунктінде күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен, қажетті жиһазбен және техникалық мүмкіндік болған жағдайда байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс арнаулы бөлмеде орналастырылады.
6. АЖО-ға "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ АЖО-ның "Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер" (бұдан әрі - КҚТК) "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасы орнатылуы тиіс.
7. "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасын жаңартып отыру байланыс арналары бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi