Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2007
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2007. № 816 Қаулысымен. (02.11.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727  Заң күшi бар Жарлығының орындалуын қамтамасыз ету мақсаттарында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
1. Әдiлет органдарына жүктелген, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету үшiн, жергiлiктi атқарушы органдар жанынан құрылған жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi мекемелер мен кәсiпорындар, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк басқа заңды тұлғалар бiр ай мерзiм iшiнде оларға әкiмшiлiк аудандарда филиалдар жүйесi бар мемлекеттiк мекемелер нысанындағы Әдiлет министрлiгiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi облыстық (қалалық) орталықтары (бұдан әрi - жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтар) деген атау берiп (қайта құрып) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң басқаруына белгiленген тәртiпте берiлсiн. 
Аталған ұйымдарды беру олардың мiндеттерi, штаттық саны, материалдық-техникалық базасы және ұстау тәртiбi сақталып жүргiзiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ жылжымайтын мүлiк тiркелуiн жүзеге асыратын ұйымдар жылжымайтын мүлiкке деген құқықтар мен олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу мiндеттерiн жылжымайтын мүлiк жөнiндегi тиiстi орталықтарға тапсырсын. 
3. Құқықтық кадастрды тiркеу парағының (қоса берiлiп отыр) нысаны бекiтiлсiн.  
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.11.2000. № 1656
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары мен жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң ведомствоаралық ынтымақтастығы туралы 1996 жылғы 12 сәуiрдегi келiсiмде жазылған "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi мүдделi органдардың өкiлеттiктерiне шек қоюға келiсiм берiлсiн. 
5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мен олардың жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтар мен олардың филиалдарына жылжымайтын мүлiкке деген құқықтар мен олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу мақсаттары үшiн қажеттi ақпараттың өтеусiз берiлуiн қамтамасыз етсiн. 
Жылжымайтын мүлiк орталықтары Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне және жергiлiктi сәулет органдарына мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы техникалық ақпаратты өтеусiз берсiн. 
6. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн: 
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы уақытша ереже; 
Жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiне кадастрлық номер берудiң уақытша тәртiбi. 
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр айлық мерзiмде жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтардың және олардың филиалдарының ақпараттық қызмет көрсетуi туралы ереженi дайындасын және бекiтсiн. 
8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi және ведомстволарымен келiсе отырып, құқықтық және басқа кадастрларды құру мен жүргiзу үшiн заңгер және өзге кадрларды дайындау, қайта дайындау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру жөнiнде белгiленген тәртiпте ұсыныстар енгiзiлсiн. 
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi облыстар және Алматы қаласы әкiмдерiмен келiсе отырып, бiр айлық мерзiмде жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен жасалатын мәмiлелерi тiркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратын, жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтары мен олардың агенттiктерiн қосымша қызмет үй-жайларымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгiзсiн. 
10. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1997 жылдың 1 шiлдедегi дейiнгi мерзiмде "Жылжымайтын мүлiктi бағалау мен тiркеу туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 15-құжат) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 30 қаулысына  қажеттi өзгертулер мен толықтырулар
енгiзу бойынша ұсыныстар енгiзсiн.
     11. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан
Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу
министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары мен жерге
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бұрын шығарылған
нормативтi құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрi
                                          Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                         1997 жылғы 20 ақпандағы
                                            N 236 қаулысымен
                                              бекiтiлген
                                                нысан
     
      Нысан жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1656     
              қаулысымен. 

 
 
     
              Құқықтық кадастр тіркеу парағының нысаны
     
Кадастрлық N ______  __________      Тірк. іс N ________ N _______ парақ
                     __________
     
1-бөлім. Жер учаскесінің (жылжымайтын мүліктің) бірегейлендіру сипаттамасы
---------------------------------------------------------------------------
Жыл.  !Кадастр.!Алдын.!Орналас.!Меншік.!Құрай.!Жердің!  (ЖУ) ! Пайдалану
мүлік.!лық нө. !дағы  !қан жері!тік ны.!тын   ! (ЖУ) !бөлінуі! мақсаты  
тің   !мірі    !кадас.!        !саны   !саны  !санаты!       !   
түрі  !        !трлық !        !       !      !      !       !   
      !        !нөмір !        !       !      !      !       !  
---------------------------------------------------------------------------
   1  !    2   !   3  !    4   !   5   !   6  !   7  !   8   !      9
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Қабаттылығы (АҮ)!         Ауданы       !Карта номенклатурасы,! Тіркеушінің 
Қабаты (ҚҮ)     !----------------------!жоспардың N          !    ерекше 
                !жалпы!Тұрғын. пайдалы !                     !   белгілері
                !     !  (АҮ және ҚҮ)  !                     !
---------------------------------------------------------------------------
      10        ! 11  !       12       !         13          !      14     
---------------------------------------------------------------------------
     
     2-бөлім. Жылжымайтын мүлікке құқықтар тізілімі
     2.1-бөлімше. Жылжымайтын мүлікке құқықтар (сервитуттарды қоспағанда) 
тізілімі
     2.2-бөлімше. Жылжымайтын мүлікке сервитуттық құқықтар тізілімі
     
---------------------------------------------------------------------------
Бөлімше!Жазба!Құқық!Мазмұны!  Құқық иеленуші !Орт.  !Үлесі!Сомасы!Мерзімі!
   N   !  N  ! түрі!       !-----------------!меншік!     !      !       !
       !     !     !       !Жеке тұл. Т.А.Ә.,!нысаны!     !      !       !
       !     !     !       !туған жылы және  !      !     !      !       !
       !     !     !       !азамат-ғы, заң.  !      !     !      !       !
       !     !     !       !Тұлғаның атауы   !      !     !      !       !
       !     !     !       !және тіркелген   !      !     !      !       !
       !     !     !       !жері, тір. N     !      !     !      !       !
---------------------------------------------------------------------------
   1   !  2  !  3  !   4   !        5        !  6   !  7  !   8  !   9   !
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
     Құқықтың пайда болуы     !     Құқықтың тоқтатылуы      ! Тіркеушінің
------------------------------!------------------------------! ерекше
Құжаттың атауы !Тіркеу күні   !Құжаттың атауы !Тіркеу күні   ! белгілері
және N         !және уақыты;  !және N         !және уақыты;  !
               !тіркеу. Т.А.Ә.!               !тіркеу. Т.А.Ә.!
               !және қолы     !               !және қолы     !
---------------------------------------------------------------------------
      10       !      11      !       12      !      13      !      14     
---------------------------------------------------------------------------
     құрайтындар саны: ЖУ үшін - БҮ саны; БҮ үшін - ҚҮ саны немесе бөлме, 
егер бастапқы объекті жеке дара болса; ҚҮ үшін - бөлме саны
     
     3-бөлім. Жылжымайтын мүлікке құқықтар жүктемелерінің (шектеулерінің) 
тізілімі
     3.1-бөлімше. Жалға беру, сервитуттар, басқа да жылжымайтын мүлікке 
құқықтар жүктемелерінің (шектеулерінің) тізілімі
     3.2-бөлімше. Кепілдіктер тізілімі
---------------------------------------------------------------------------
Бөлімше!Жаз.!Жүкте.!Мазмұны!Құқық иеленуші   !Көпші.!Үлесі!Сомасы!Мерзімі!
   N   ! N  !мелер !       !немесе өкілетті  !лік   !     !      !       !
       !    !түрі  !       !орган            !түрі/ !     !      !       !
       !    !      !       !-----------------!Орт.  !     !      !       !
       !    !      !       !Жеке тұл. Т.А.Ә.,!құқық !     !      !       !
       !    !      !       !туған жылы және  !нысаны!     !      !       !
       !    !      !       !азамат-ғы; заң.  !      !     !      !       !
       !    !      !       !Тұлғаның атауы,  !      !     !      !       !
       !    !      !       !тірк. Жері және  !      !     !      !       !
       !    !      !       !тіркеу N         !      !     !      !       !
---------------------------------------------------------------------------
   1   ! 2  !   3  !   4   !        5        !  6   !  7  !   8  !   9   !
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
   Жүктемелердің пайда болуы    !   Жүктемелердің тоқтатылуы     !Тіркеуші.
                                !                                !нің
--------------------------------!--------------------------------!ерекше
Құжаттардың атауы!Тіркеу күні   !Құжаттардың атауы!Тіркеу күні   !белгілері
және N           !және уақыты;  !және N           !және уақыты;  !
                 !тіркеу. Т.А.Ә.!                 !тіркеу. Т.А.Ә.!
                 !және қолы     !                 !және қолы     !
---------------------------------------------------------------------------
        10       !      11      !        12       !      13      !   14    
---------------------------------------------------------------------------
     
     Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазу
---------------------------------------------------------------------------
Жабу/жалғастыру!Ауыстырылған жазулардың!Парақтың (жалғастыру!Күні!Тіркеуші.
үшін негіздер  !(жабу кезінде) немесе  !кезінде) немесе кад.!    !нің 
               !соңғы жазулардың (жал. !нөмірі (бірігу, бө. !    !Т.А.Ә.
               !ғастыру кезінде) тізімі!лінуге байланысты   !    !және
               !                       !жабылған кезінде)   !    !қолы
---------------------------------------------------------------------------
               !2-бөлім!   !3-бөлім!   !                    !    !
---------------------------------------------------------------------------
           
                                         ЖОБА
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 20 ақпандағы
                                           N 236 қаулысымен
                                              бекiтiлген
     Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен
Полная версия
ИС BestProfi