Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 1047 Қаулысы
Редакция 25.01.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж.; N 29, 258-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн";
2) 3-тармақтағы:
1) тармақшасындағы "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы "кәсiптiк-техникалық оқу орындарын" деген сөздер "бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарын" деген сөздермен, "жұмыспен қамту қызметтерi" деген сөздер "жергiлiктi бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.01.2008. № 64 Қаулысымен. (10.07.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия

