Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2015
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.09.2015 жылғы № 782 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.03.2015 жылғы № 307 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабынын 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 17 мамырдағы
 № 532 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида
1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі — Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида азаматтық авиацияда ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібін анықтайды және әуеде тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды, жалпы мақсаттағы авиация мақсатында сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограмм және одан да астам әуе кемелерімен және ұшып көтерілу массасынан тәуелсіз газтурбиналық қозғалтқыштары бар әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.
3. Ұшу жұмысын ұйымдастыру мыналардан тұрады:
4) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыру;
5) ұшу құрамын біліктілік тексерістері;
8) ұшу жұмысын және ұшу қауіпсіздігін бақылау және талдау;
9) ұшу-әдістемелік жұмысы мен құжаттаманы жүргізу.
Полная версия
ИС BestProfi