Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.12.2010
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы N 199 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 13.12.2010 № 1345 Қаулысымен. (20.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Боранбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Марат Манапұлы министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру басқармасының бастығы, хатшы;
Вощенкова Тамара - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатольевна вице-министрі;
Дәленов Руслан - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Ерболатұлы
Майлыбаев Бағлан - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
Асаубайұлы вице-министрі;
Алпысбаев Мәлік - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Ақылбайұлы министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары;
көрсетілген құрамнан Айтбаева Елена Игоревна, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы, Ерғожин Дәулет Еділұлы, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Абоимов Виктор Андреевич шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия