Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 ақпан N 216
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
     
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік Нормативінде:
     
реттік нөмірі 7-жолдың 1) тармақшасында:
     
3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     
"Прокурордың орынбасары";
     
4-баған "1" деген санмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi