Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.03.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 26 мамырдағы 1993 ж. N 434 қаулысы
1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2000. № 1378
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Полная версия