Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016
Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес
«Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.10.2015 жылғы № 18-02/942 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 63-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының
1. Қоса беріліп отырған Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1726 қаулысымен
 бекітілген
Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары
1. Осы Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және орман өрттерінің алдын алу, оларды уақтылы анықтау және жою, орман қорының аумағында жұмыс істейтін және жүрген барлық адамдардың осы Қағидалардың талаптарын орындауын қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) орман қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері;
3) орман пайдаланушы –  Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
4) мемлекеттік орман иеленушiлер – мемлекеттік орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттік ұйымдар;
5) өрт сөндіру химиялық станциялары – мемлекеттік орман қорының бекітілген алқаптардағы орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өрт сөндіру техникасымен, жабдықтарымен, өрт сөндіру және байланыс құралдарымен жарақтандырылатын мемлекеттік орман иеленушілердің құрылымдық бөлімшелері;
6) өрт сөндіру пункттері – орман пайдаланушылар мен жеке орман иеленушілер құратын, орман өртін сөндіруге арналған өрт сөндіру жабдықтары мен мүкәммалын жинақтау пункттері;
7) минералдандырылған жолақ – бұл топырақтың минералды қабаттарына дейін топырақ өңдейтін құрал-саймандармен өңделген және орман өртінің таралуын болдырмауға арналған жолақ.
2. Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
Полная версия
ИС BestProfi