1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 Қаулысы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысымен бекітілген
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленген және уәкілетті органдар: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) және мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.
2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі:
1) жалпы ережелер;
2) Келісім тараптары;
3) Келісім нысанасы;
4) ұсынылған құжаттар тізбесі;
5) нарықтық бағаны айқындау әдісі;
6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі;
7) Келісімнің қолданыс мерзімі;
8) Келісімнің күшіне ену күні;
Полная версия