Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 277 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 21 наурыздағы
 N 277 қаулысымен
 бекітілген
"Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) дайындаушыда (өндірушіде) орауышқа (ыдысқа) буып-түйілген (өлшеніп буып-түйілген) және буып-түйілмеген (өлшеніп буып-түйілмеген), Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін отандық және импорт өндірісі өніміне (тауарға) қолданылады және буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент ережелері өнімді (тауарды) өткізу, тасымалдау, сақтау, пайдалану, жөндеу, қалпына келтіру, кәдеге жарату, жою, нормативтік құқықтық актілерді және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ сәйкестікті растау кезінде қолданылуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын, өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптарды регламенттейтін техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар осы техникалық регламент талаптарына қайшы келмейтін бөлікте қолданылады.
4. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:
1) жарамдылық мерзімі - өнімді (тауарды) дайындау (өндіру), оның айналымы процестерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшін өнімнің (тауардың) қауіпсіз болып саналатын уақыты аяқталғанға дейінгі кезең;
2) дайындалған (өндірілген) күні - өнімді (тауарды) дайындаудың (өндірудің) технологиялық процесінің аяқталған сәті туралы ақпарат беретін, дайындаушы (өндіруші) қоятын күн;
3) буып-түйілген күні (өлшеніп салынған, сұйық өнімдер құйылған) - өнімнің (тауардың) орауышқа (ыдысқа) салынған күні;
4) дайындаушы (өндіруші) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін жеке немесе заңды тұлғалар;
5) ингредиент - жануар, өсімдік, микробиологиялық немесе минералдық текті зат, сондай-ақ тағам өнімін дайындау (өндіру) кезінде пайдаланылатын және дайын өнімде бастапқы немесе өзгертілген түрде болатын табиғи немесе синтезделген тағамдық қоспалар;
6) ұжымдық тауарлық белгі - бұл қауымдастықтың (одақтың) немесе заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсіпкерлердің өзге де бірлестіктерінің өздері шығарған немесе өткізетін өнімдерді (тауарларды) белгілеу үшін қызмет ететін, бірыңғай сапалық немесе өзге де сипаттамаларға ие тауарлық белгісі;
Полная версия
ИС BestProfi