Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 337 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының "Астық туралы " 2001 жылғы 19 қаңтардағы, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 8 сәуірдегі
 N 337 қаулысымен
 бекітілген
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсімдіктер карантині туралы " 1999 жылғы 11 ақпандағы,"Астық туралы " 2001 жылғы 19 қаңтардағы,"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі,"Өсімдіктерді қорғау туралы " 2002 жылғы 3 шілдедегі, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы,"Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы,"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында(ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеуге сәйкес жіктелетін, осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу объектісі болып табылатын азық-түліктік астыққа қолданылады.
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары тұқымдық, жемдік және техникалық мақсаттарға арналған астыққа және астықты қайта өңдеу өнімдеріне қолданылмайды.
4. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
агротехникалық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі ғылыми негізделген тәсілдер жиынтығы;
агрохимиялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау мен ұдайы молықтыру және қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында агрохимикаттар мен пестицидтерді қолданудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы;
астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері;
астық айналымы - әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, астықты өткізу (сату немесе жеткізу) процестері;
астық қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығының және оның салдарларының ауыртпалық дәрежесінің үйлесімділігін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіруге және тұтынушылар мүдделерінің бұзылуына байланысты жол берілмейтін тәуекелдің астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында болмауы;
астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені;
Полная версия
ИС BestProfi