Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 Қаулысы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 270-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 11 маусымдағы
 N 573 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі
Осы Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының  15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығына  сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді (бұдан әрі - үміткерлер) іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - "Болашақ" халықаралық стипендиясы) дербес болып табылады және оны Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) мынадай мақсаттарда тағайындайды:
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - басым мамандықтар тізбесі) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша олардың арнаулы жоғары білім, бакалавр, магистр, доктор дәрежесін алуы үшін, клиникалық ординатурада оқу үшін, сондай-ақ медициналық мамандықтар бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін оқыту;
2) басым мамандықтар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымдарының және мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарында және зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі. 
"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін оқыту және  ғылыми тағылымдамадан өткізу үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен зертханаларының тізімін (бұдан әрі - Тізім) Республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі - Жұмыс органы) бекітеді. 
Басым мамандықтар тізбесін жыл сайын әрбір мамандық бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының шекті мөлшерін анықтау арқылы Жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді.
2. Жыл сайын "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу басталғанға дейін әрбір күнтізбелік жылға тағайындалатын "Болашақ" халықаралық стипендиясының жалпы санынан Республикалық комиссия мынадай санаттарға арнап "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға квота белгілейді:
Полная версия
ИС BestProfi