1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 355 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 355 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді әрі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – «Болашақ» стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
2) «Болашақ» стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
3) «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпазы (бұдан әрі – конкурс жеңімпазы) – осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан ойдағыдай өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған үміткер;
Полная версия