Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығы
Редакция 28.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес  қаулы етемін:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.02.2024 жылғы № 488 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына  жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 
2. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына нақты мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған оның құзыреті шеңберінде салалық (ведомстволық) тиесіліктегі мәліметтерді, сондай-ақ өздерінің ұсынуы бойынша басқа мемлекеттік органдардың тиісті тақырыптық бағыттағы мәліметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілсін. 
3. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары нақты мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі мен осы мәліметтерді уақтылы құпиясыздандыру үшін жеке жауапты болады деп белгіленсін. 
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2000 жылғы 13 сәуірдегі
 № 371 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының ТІЗБЕСІ
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2001 жылғы № 720 Жарлығымен (06.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 06.05.2004 жылғы № 1359 Жарлығымен (13.11.2001 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 22.08.2005 жылғы № 1629 Жарлығымен (06.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен (22.08.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 18.08.2010 жылғы № 1043 Жарлығымен (19.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 16.02.2012 жылғы № 267 Жарлығымен (18.08.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 14.11.2012 жылғы № 431 Жарлығымен (16.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 14.01.2014 жылғы № 726 Жарлығымен (14.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе мәтініндегі «Президенттің Күзет қызметінің бастығы» сөздері «Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы» сөздерімен ауыстырылды; «Республикалық ұланның қолбасшысы,» сөздері алынып тасталды ҚР Президентінің 04.05.2014 жылғы № 814 Жарлығы бойынша (14.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 21.09.2015 жылғы № 92 Жарлығына сәйкес (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2018 жылғы № 746 Жарлығымен (21.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (18.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығымен (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 30.07.2021 жылғы № 637 Жарлығымен (30.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 02.11.2022 жылғы № 1063 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.02.2024 жылғы № 488 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағының 214) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.
3. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптары негізінде мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 11), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 18), 23), 26), 27), 28), 29), 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;
2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4), 12) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 5), 13), 14), 15), 16), 17), 19) тармақшалары;
3) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4), 12) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 5), 13), 14), 15), 16), 17), 19) тармақшалары;
4) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1), 2), 3), 9), 10), 11), 15), 17), 18), 28), 29) тармақшалары, 13-бабының 1) 2), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
5) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 28) тармақшасы, 13-бабының 1) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
7) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 15), 16), 17), 19) тармақшалары;
8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 21), 23), 25), 26) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 5), 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 5), 6), 7), 10), 11), 12), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 17), 18), 32) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 11), 12), 16), 17), 19) тармақшалары;
13) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 11), 12), 13), 16), 17), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 3), 4), 6), 13), 14), 16), 21), 23), 26), 27), 28), 29), 33) тармақшалары, 14-бабының 10), 16), 17), 19) тармақшалары;
14) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5), 13) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 9), 10), 11), 12), 15), 24), 26), 28), 29), 30), 31), 32) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 6) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
15) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 18), 32) тармақшалары, 13-бабының 5) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
16) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6), 7), 8), 9), 10), 12), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 13), 14), 21), 31), 34), 36) тармақшалары, 13-бабының 1), 2) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
17) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7), 9), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 12), 14), 20), 21), 24), 28), 29), 30), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
18) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасы, 12-бабының 2), 28), 29) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
19) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1), 12), 26), 28), 29), 30) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
20) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 19), 21) тармақшалары, 12-бабының 3), 13), 22) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
21) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
22) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
23) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 13) тармақшасы, 12-бабының 28), 29) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
24) Қазақстан Республикасының Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
25) Қазақстан Республикасының Әділет министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 15) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
26) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 28) тармақшасы, 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
27) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
28) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
29) Қазақстан Республикасының Көлік министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы; 12-бабының 1), 23), 24), 25), 26), 28) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
30) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5), 6), 7), 10), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 6), 7), 9), 10), 11), 13), 14), 19), 20), 23), 26), 28), 29), 31) тармақшалары, 13-бабының 3), 5) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;
31) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары.
4. Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған және (немесе) қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен келісім бойынша олардың салалық, ведомстволық немесе бағдарламалық-нысаналық тиістілігіне сәйкес құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбелерін әзірлеу, қайта өңдеу және бекіту бойынша шаралар қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi