Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1333 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» ҚР Қаржы министрінің 30.03.2015 жылғы № 233 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 156-бабы 1-тармағының 24), 42) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 546 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары; 
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары; 
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары; 
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары.
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 546 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
1-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары белгіленсін.
1-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. "Білім алушы тұлғаның қонақ үйде тұруына және тамақтануына арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 338 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
1-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары
 
Р/с N Ел Күндік шығыстар нормалары (АҚШ долларымен)
ақша сомасын төлеуге тұруға
1 Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа 80-ге дейін 30-ға дейін
2 Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин 70-ке дейін 25-ке дейін

3
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері 50-ге дейін 10-ға дейін
4 Баска да елдер 60-қа дейін 15-ке дейін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
2-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары
 
Р/с N Оқу орны Күндік шығыстар нормалары (айлық есептік көрсеткіш)
ақша сомасын төлеуге тұруға

1
Облыс, аудан орталықтары 6 АЕК-ке дейін 4 АЕК-ке дейін

2
Астана, Алматы, Атырау қалалары 6 АЕК-ке дейін 5 АЕК-ке дейін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
3-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары
 
Р/с N Ел Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары (АҚШ долларымен)
1 Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа 30-ға дейін
2 Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин 25-ке дейін
3 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері 10-ға дейін
4 Басқа да елдер 15-ке дейін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
4-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары
 
Р/с
N
Оқу орны Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары (айлық есептік көрсеткіш)
1 Облыс, аудан орталықтары 4 АЕК-ке дейін
2 Астана, Алматы, Атырау қалалары 5 АЕК-ке дейін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
5-қосымша
5-қосымша толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5)
тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек
қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге
асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған
мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1),
2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім
беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға,
біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде
білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық
салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы
дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары
Р/с
Ел Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары
(АҚШ долларымен)
1. Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа 30-ға дейін
2. Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин 25-ке дейін
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері 10-ға дейін
4. Басқа да елдер 15-ке дейін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1333 қаулысына
6-қосымша
6-қосымша толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5)
тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек
қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге
асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған
мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1),
2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім
беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны
Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін
арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы
тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға
жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес
білім беру ұйымының шығыстар нормалары
Р/с
Оқу орны Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары
(айлық есептік көрсеткіш)
1. Облыс, аудан орталықтары 4 АЕК-ке дейін
2. Астана, Алматы, Атырау қалалары 5 АЕК-ке дейін
Полная версия
ИС BestProfi