Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.06.2015
"Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1574 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 448 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде:
екінші және сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«аккредиттелетiн субъект - медициналық ұйым, жеке тұлға;»;
«5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi жүзеге асыратын орган (ұйым) аккредиттеу жөнiндегi тиiстi комиссиялар (бұдан әрi – Комиссиялар) құрады және аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен тәуелсiз сарапшылардың дерекқорын қалыптастырады.»;
«5) аккредиттеу стандарттарына сәйкестiктi бағалауды баллдық жүйе негiзiнде жүргізу кезеңдерінен тұрады.»;
«Сыртқы кешенді бағалау қорытындылары баллдық жүйе негізінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды жүргізумен аяқталады.»;
«Емшi сертификатын беру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына денсаулық сақтау ұйымдарына аккредиттеу жүргiзу тәртiбi» деген 4-бөлім алынып тасталсын;
«39. Аккредиттеушi органның аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмiне медициналық ұйымдар және жеке тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi