Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2010 № 655 Қаулысымен. (11.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2010 № 655 Қаулысымен. (11.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1251 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 27 ақпандағы
N 238 қаулысымен
бекiтілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және
Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық
көлiктiк бақылау посттарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері: