Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2016
Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қараша N 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 наурызда N 711 тіркелді.
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
1. Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi бекiтiлсiн және 2000 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн.
#$: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы № 266 қаулысымен, 2000 жылғы 16 мамырдағы № 216 қаулысымен.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Төлем жүйесі басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бірлесіп осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін. 
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттейтін болсын. 
4. Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесі күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 29 тамыздағы N 200 қаулысымен бекітілген Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының ірі төлем жүйелерінде есеп айырысу ережесінің күші жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.    
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 1998 жылғы 21 қарашадағы
 N 242 қаулысымен бекітілген
Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі 
 ақша аударымы ережесі 
1. Осы Ереже ақша аударымының банкаралық жүйесін (бұдан әрі - жүйе) ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 
Жүйені пайдаланушыларға ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны аударым арқылы аудару бойынша (бұдан әрі - ақша аударымы) қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады. Жүйені пайдаланушылардың ақша аударымы электронды төлем құжаттарын (бұдан әрі - төлем құжаттары) жіберу жолымен жүзеге асырылады және Орталық осы төлем құжаттарының түсуіне қарай оларды біртіндеп өңдейтін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.
#$: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
2. Жүйе пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған шоттары көрсетілген электронды ақша аударымының, бір операциялық күн ішінде пайдаланушылардың ақшасының аударылған жиынтық сомасының орындалуына арналған.
3. Осы ережеде пайдаланылатын терминдер мынадай мағынаны білдіреді: 
1) жүйені пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - Орталықпен жүйе қызметін пайдалануға шарт (бұдан әрі - шарт) жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк); 
2) пайдаланушы-алушы - ақша аударымы туралы төлем құжаты және соның пайдасына ақша аударылғаны жөнінде хабарлама жіберілетін пайдаланушы; 
3) пайдаланушы-жіберуші - жүйе арқылы ақша аударуға байланысты төлем құжатын жіберетін пайдаланушы; 
Полная версия
ИС BestProfi