Ақша аударымының банкаралық жүйесін енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу жөнінде тендер өткізу қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2016
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 266. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 910.
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсынылып отырған Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесі бекітілсін және ол 1999 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілсін".
2. Заң департаменті (Шарипов С.Б.) Төлем жүйесі басқармасымен (Мусаев Р.Н.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Полная версия