Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 31.05.2014
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 50 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 01.07.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 31.05.2014 жылғы № 600 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4) «Арнайы техникалық құралдарды әкелуге және әкетуге қорытынды (рұқсат беретiн құжат) беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
5) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарларды әкелуге немесе әкетуге (рұқсат беретiн құжат) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
6) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 50 қаулысымен бекітілген
«Жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) тарапынан, сондай-ақ «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы және «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Уәкілетті органның мекенжайы: 010011, Астана қаласы, Т. Бигелдинов көшесі, 76-үй, интернет-ресурс www.knb.kz, тел: 8 (7172) 76-42-51, 76-42-52, 76-42-53, 76-42-54, 76-42-55, факс: 8 (7172) 76-42-32.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаудың және құжаттамаларды басқарудың үлгілі ережелері;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережелері талаптарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Полная версия

