Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.07.2010
Мұнай туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 01.12.2004 жылғы № 2 Заңымен (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Заң күшін жойды 06.07.2010 жылдан бастап ҚР 24.06.2010 жылғы № 291-ІV Заңына сәйкес
Редакция 30.06.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аффилиирленген тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушының еншiлес ұйымдары және Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзуге мердiгер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакетi немесе қатысу үлесi бар ұйымдар;
2) барлау - мұнай iздеумен және барлаумен байланысты кез келген операциялар және олар: 
геологиялық-геофизикалық зерттеулердi; 
iздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сондай-ақ барлаудағы кен орнын сынамалы пайдалануды қамтиды;
3) блок - мұнай операцияларын жүргiзу үшiн мердiгерге беруге арналған және блоктардың арнайы дайындалған картасында блок ретiнде белгiленген жер қойнауының учаскесi;
4) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;
5) жағалау маңындағы мемлекеттер - Каспий және Арал теңiздерi (көлдерi) алабында iргелес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттер;
6) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
7) келiсiм-шарт - мердiгер мен құзыреттi орган арасында мұнай операцияларын жүргiзуге арналған шарт;
8) келiсiм-шарттық аумақ - мердiгер келiсiм-шартта айқындалған мұнай операцияларын жүргiзуге құқылы, геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;
9) кен орны - кез келген тұрпатты геологиялық резервуардағы көмiрсутектерiнiң бiр немесе бiрнеше табиғи шоғырлары;
10) кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi болып саналатын мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы қабылданған әлемдiк практикасы;
11) кен орындарын сынамалы пайдалану - қабаттардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, тереңдегi көмiрсутектердiң жағдайлары, ұңғымалардың өнiмдiлiгi туралы бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу жөнiндегі жұмыстар, мұнай мен газ алудың жаңа немесе бұрыннан белгiлi технологияларын сынау;
12) коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағында әзiрлеу үшiн рентабельдi бiр немесе бiрнеше кен орнын табу;
Полная версия
ИС BestProfi