"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 293 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 19.03.2015 жылғы № 194 Бұйрығын қараңыз
Редакция 16.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 293 қаулысымен бекітілген
Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі
#$Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.01.2012 № 59 Қаулысымен.(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
Р/с N | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) | КО СЭҚ БТН коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Мұнай және мұнай өнімдері: | |
Шикі мұнай | 2709 00 900 | |
Газ конденсаты | 2709 00 100 | |
Жеңіл дистилляттар (бензин) | 2710 12, 2710 12 110 0-2710 12 900, 2710 20 900 0 | |
Ауыр дистилляттар (газойлдер) | 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 420 0-2710 19 480 0, 2710 20 110 0-2710 20 190 0 | |
Ауыр дистилляттар (мазут) | 2710 19 620 1-2710 19 680 9, 2710 20 310 1 -2710 20 390 9 | |
2 | Мұнай газдары: | |
Сұйытылған газ | 2711 11 000 0- 2711 19 000 0 | |
Табиғи газ | 2711 21 000 0 | |
3 | Түсті металдар: | |
Мыс | 7402 00 000 0, 7403 11 000 0 - 7403 29 000 0 | |
Қорғасын | 7801 10 000 0-7801 99 900 0 | |
Мырыш | 7901 11000 0-7901 20 000 0 | |
Тантал және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8103 | |
Магний және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8104 | |
Титан және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8108 | |
4 | Өзге де бағалы емес металдар: | |
Бериллий, хром, германий, ванадий, галий, гафний, индий, ниобий (колумбий), рений, таллий және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, олардан жасалатын бұйымдар | 8112 | |
5 | Қара металдар: | |
Қара металдар | 7204, 7205, 7214-7217 | |
Ферроқорытпалар | 7202 | |
6 | Бағалы металдар: | |
Алтын | 7108 11 000 0, 7108 12 000, 7108 13 100 0-7108 20 000 | |
Күміс | 7106 10 000 0, 7106 91 000, 7106 91 900 9, 7106 92 000 0 | |
7 | Рудалар мен концентраттар: | |
Темір | 2601 | |
Марганец | 2602 00 000 0 | |
Хром | 2610 00 000 0 | |
Қорғасын | 2607 00 000 0 | |
Мырыш | 2608 00 000 0 | |
Мыс | 2603 00 000 0 | |
8 | Органикалық емес химия өнімдері: | |
Алюминий оксиді | 2818 20 000 0 | |
Хром оксидтері мен гидроксидтері | 2819 | |
Уран | 2844 | |
9 | Бидай және меслин | 1001 |
10 | Мақта: | |
Мақта талшығы | 5201 00 100 0, 5201 00 900 0, 5203 00 000 0 | |
11 | Қант | 1701 |
12 | Құрылыс жұмыстары | - |
13 | Жабықтарды монтаждау | - |
14 | Маркетингтік қызметтер | - |
15 | Экспедиторлық қызметтер | - |
Полная версия