Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 437 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 250 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 22 сәуірдегі
 № 437 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе  кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағиданың әрекеті әуе тасымалдарын және/немесе авиациялық жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасының әуе кемелерін барлық пайдаланушыларға қолданылады.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1425 Қаулысымен (22.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) аса шағын көлемді шашу - гектарына 5 (бес) литрден аз сұйық препараттарын жұмсау нормасы;
3) әуе кемесі экипажының мүшесі - ұшуға арналған тапсырмаға енгізілген, белгілі бір қызметтік міндеттерді орындауға тағайындалған және қолданыстағы ұшу куәлігі бар авиациялық персоналының адамы;
4) әуе кемесінің бортындағы демалу орны – күшейтілген ұшу экипажының мүшесі үшін бизнес-салонның соңғы қатарындағы кресло, күшейтілген экипаждың қызмет көрсететін персоналы үшін экономикалық сынып салонының соңғы қатарындағы кресло. Ұшатын жұмыс уақыты 13 сағаттан асқан жағдайда, күшейтілген ұшу экипажының мүшелеріне арналған демалу орны тігінен 800 (сексен) және одан артық бұрышқа шалқаятын, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жиналмалы ыңғайлы креслолармен жабдықталуға тиіс. Қос экипажға арналған демалу орны, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жатып демалу орындарымен жабдықталуға тиіс;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1425 Қаулысымен (22.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) бортсерік - ұшақтың салонында нақты міндеттерді орындау үшін пайдаланушы жалдайтын маман;
6) ең көп жұмыс уақыты – көрсетілген кезеңдердегі жұмыс уақытының жиынтығын құрайтын тізбекті кез келген 7 (жеті) тәулікте (апта), тізбекті кез келген 28 (жиырма сегіз) тәулікте (ай), тізбекті кез келген 365 (үш жүз алпыс бес) тәулікте (жыл) сенімді кәсіптік қызмет үшін экипаждың (экипаж мүшесінің) психофизиологиялық функцияларының қажетті деңгейі сақталатын жалпы жұмыс кезеңі;
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1425 Қаулысымен (22.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) бортсеріктердің күшейтілген бригадасы - бортсеріктердің ең аз санынан және оған қосымша екі бортсеріктен тұратын бортсеріктер бригадасы немесе мүшелерінің саны ұшақ салонында нақты міндеттерді орындау үшін қажетті ең аз саннан асатын және ондағы екі бортсерік ұшу кезінде демалу мақсатында басқа бортсеріктермен алмастырылуы мүмкін бортсеріктер бригадасы;
Полная версия
ИС BestProfi