Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.02.2016
Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес
«Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.08.2015 жылғы № 692 Бұйрығын қараңыз
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 91-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. "Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 28, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 30 наурыздағы
 № 404 қаулысымен
 бекітілген
Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы
1. Адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ).
2. Психикалық аурулар, АХЖ-10 бойынша кодтары F00-F79, күйзеліске және соматонысандық бұзылуға байланысты невроздықтан басқа АХЖ-10 бойынша кодтары F40-F48.
3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.
4. Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалы, алғаш рет анықталған, бацилла бөлетін (абацилирлеу сәтіне дейін).
5. Негізінен жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез, емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).
6. Алапес, АХЖ-10 бойынша кодтары А30.0-А30.9.
7. Біріктіруші тіндердің бүлінуінің ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит).
8. Ороговенияның бұзылуымен ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр нысандары, ихтиозонысанды эритродермия, артропатиялық псориаз).
9. Ауыр созылмалы буллездік дерматоздар (акантолиздік көпіршік, пемфигоид, терінің ихтиозонысанды зақымдануы, буллездік эпидермолиз).
10. Медициналық қорытындының негізінде үнемі күтім мен көмекке мұқтаждыққа әкеп соқтырған аурулар.
Полная версия
ИС BestProfi