Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен бекiтілген 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрi - Конвенция) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.08.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1453 Қаулысы
1. Конвенцияның ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттiк органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi - азаматтық хал актілерiн, жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тiркеу туралы құжаттар, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi - прокурордың санкциясы талап етiлмейтiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға байланысты құжаттар, көшi-қон және iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша;
Полная версия