Близость слов: Окончание:





1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1453 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2007 жылғы № 743 Қаулысымен (31.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 13.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 5-бабын және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенциялар) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2007 жылғы № 743 Қаулысымен (31.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1. Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттiк органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2007 жылғы № 743 Қаулысымен (31.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2010 жылғы № 1009 Қаулысымен  (28.08.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2014 жылғы № 302 Қаулысымен (30.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2014 жылғы № 1295 Қаулысымен (02.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2019 жылғы № 390 Қаулысымен (10.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 925 Қаулысымен (11.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.12.2021 жылғы № 886 Қаулысымен (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.05.2024 жылғы № 371 Қаулысымен (14.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі – жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, миграциялық және ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелері бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі – азаматтар мен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – өздеріне қатысты дәрменсіздігі туралы банкроттық рәсімі қозғалған заңды тұлғалардың берешегін төлеуге байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың өтінішхаттары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар немесе осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелері бойынша;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер, қылмыстық істер жөніндегі үкімдерді (шешімдерді) тану және орындау туралы қолдаухаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) – ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (келісу бойынша) – Қазақстан Республикасы соттарының, шетел мемлекеттері соттарының тапсырмалары, азаматтық және отбасылық істер бойынша соттардың шешімдерін тану және орындау туралы қолдаухаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) – өзінің құзыретіне қатысты құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – еңбек өтілі туралы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау салаларында, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін өзге де құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) – прокурордың және тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – прокурордың, тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер және өзінің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі –ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін өзге де құжаттар бойынша.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Конвенцияның ережелерін орындауға уәкілетті, өзінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен аумақтық органдардың тізбелерін белгілесін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2024 жылғы № 371 Қаулысына сәйкес (14.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және аумақтық мемлекеттiк органдардың тiзбелерi туралы хабарласын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Полная версия
ИС BestProfi