"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 180-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2012
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 698 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5938 болып енгізілді
Бұйрықтың күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.09.2012 № 656 Бұйрығымен (12.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоса беріліп отырған Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстарын дамыту департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. "Диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2627 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 923 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 698 бұйрығымен бекітілген
Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасында диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін (бұдан әрі – жаңа Әдістер) қолдануға рұқсат ету туралы куәлік берудің талаптары мен тәртібін регламенттейді.
2. Жаңа Әдістерді қолдану мақсаттары мыналар:
1) Қазақстан Республикасынның аумағында жеке және заңды тұлғалардың медициналық қызметінде жаңа медициналық технологияларды пайдалануына рұқсат беру;
2) Қазақстан Республикасы халықтары үшін медициналық көмекке қол жеткізуін арттыратын экономикалық тиімді әдістерді пайдалана отырып, қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолдану;
3) бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасау;
4) отандық және дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінің серпінді дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.
3. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) Жаңа Әдістің қауіпсіздігі – Жаңа Әдісті дұрыс пайдаланғанда пациентке, қызметкерлерге, жабдыққа және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупінің болмауы;
Полная версия