1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысы
Редакция 24.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006 - 2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне олардың орындалуы жөнінде ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жыл сайын 20 шілдеге және 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты
Атауы - Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі
- Бағдарлама)
Әзірлеу үшін - "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және негіздеме есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006 - 2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығы
Әзірлеуге жауапты - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік орган
Бағдарламаның - Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында мақсаты психикалық белсенді заттарға тәуелділіктің таралуының әлеуметтік қауіпті өсу үрдісін құрсаулау және кері бағыттау
Бағдарламаның - Өңірлік деңгейде есірткіге қарсы қызметті міндеттері үйлестіруді және оның тиімділігін арттыру, нашақорлықтың бастапқы алдын алу және халықтың салауатты демалу жүйелерін дамыту;
есірткіге қарсы насихатты күшейту;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне және әлеуметтік саласына есірткіге қарсы инновациялық технологияларды кең көлемде енгізу;
Полная версия