Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2010
"Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау" туралы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 9 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2798       
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.06.2010 № 476 бұйрығымен. (30.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы"  Заңының  24-25 бабына сай бұйырамын: 
1. "Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау" туралы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін. 
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне кіреді.
Министр Қазақстан Республикасының   
 Денсаулық сақтау министрінің  
 2004 жылғы 30 наурыздағы    
 N 297 бұйрығымен бекітілген 
"Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау" жөніндегі Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
1. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының аумағында меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Осы Ережелерде мынандай терминдер қолданылады: 
1) аурумен қарым-қатынаста болғандарды анықтау - медициналық-санитарлық шараларды қолдану үшін аурумен қарым-қатынаста болғандарды анықтайтын үрдіс;
2) санитарлық-карантиндік бақылау - республика аумағына жұқпалы, паразитарлық ауруларды, сондай-ақ, адам денсаулығына қауіпті деген заттарды және өнімдерді өткізбеу үшін мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға және жүктерге бақылау жасау;
3) жұқпалы аурулар - адамдардың өмір сүру ортасында биологиялық факторларының әсерінен пайда болатын және таралатын аурулар;
4) медициналық (санитарлық) тексеріс - медициналық-санитарлық құжаттарды, көліктерді, керек болған жағдайда экипажды (бригадаларды) және жолаушыларды медициналық тексерістен өткізу; зертханалық тексеріс жүргізу үшін сынамаларды алу;
5) медициналық бақылау - медициналық қызметкерлер арқылы жұқпалы аурулармен ауырған аурумен қарым-қатынаста болған адамдардың арасынан ауырғандарды тауып, оқшаулау үшін жүргізілетін күн сайын жүргізілетін бақылау;
6) контейнер (жүк контейнері) - тасымалдау құралдарының түрі;
7) көлікке жүргізілетін медициналық-санитарлық тексеріс - көліктерді медициналық-санитарлық тұрғыдан жүргізілетін тексеріс, мұның ішінде медициналық құжаттарды тексеру де кіреді;
8) порт - теңіздегі немесе іштегі өзен-су жолдарындағы порт;
9) оңашалау шаралары, оның ішінде карантин - жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған шаралар және шаруашылық тұрғысынан басқа да жағдайларды қарастыратын ерекше тәртіп;
10) кеме - теңіз арқылы немесе ішкі өзен-су жолдары арқылы халықаралық қатынас жасайтын кеме;
11) көліктің түрлері - мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, тауарларды немесе жануарларды таситын жылжу құралы;
Полная версия
ИС BestProfi