Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7442 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 25.10.2017 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес
Редакция 19.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін және біліктіліктеріне қойылатын талаптарды айқындау кезінде біркелкілікті қамтамасыз ету мақсатында және 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
 қорғау министрінің
 2012 жылғы 2 ақпандағы
 № 31-ө-м бұйрығымен
 бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметші лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - біліктілік сипаттамалары) кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыруға, олардың іскерлік біліктілігін арттыруға мүмкіндік беруге, басшылар, мамандар арасында еңбекті үлестіру, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін және олардың еңбегіне ақы төлеу санаты бойынша қойылатын біліктілік талаптарын айқындауда бірізділікті қамтамасыз етуге арналады.
2. Мамандар лауазымдарының: бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашының біліктілік сипаттамалары мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында белгіленген.
3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыс тізбелерін нақтылауға жол беріледі, және қызметкерлерді арнайы даярлауға қажетті талаптар белгіленеді.
4. Әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік ұйымдары қызметкерлерінің өзге де лауазымдары (педагогикалық, медициналық және басқа) үшін біліктілік сипаттамаларды тиісті қызмет саласында уәкілетті мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
1. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) директоры
Лауазымдық міндеттемелері: Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) (бұдан әрі – ұйым) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, материалдық құндылықтарының сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Ұйымды басқару құрылымын, штаттық кестені айқындайды. Ұйымның барлық бөлімшелерінің мүгедек балалармен, қарттар және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады. Ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Жұмыс сауықтыру, оқу профилактикалық жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу және оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектердің (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) заңды құқықтарын және мүдделерін қорғайды, оларға туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды. Ондағы мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектерді протездік-ортопедиялық, басқа да арнайы құралдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады. Бөлінетін бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Қамқорлықтағыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Іс жүзінде отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, ұйымды заманауи техникалық оңалту және қамқорлықтағыларды күтім құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді. Қоғамдастықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді. Кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерін айқындайды. Кадрлардың біліктілігін арттыру, өмір сүру және денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды. Қызметкерлердің еңбек және өндіріс тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді. Ұйымның сотта, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін білдіреді және қорғайды. Қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және қамқорлықтағылар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. Шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және әлеуметтік қамсыздандыру және қызмет көрсету ұйымдарының қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін; әлеуметтік жұмыс теориясы мен ерекшеліктерін; заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негіздерін; тәрбие және әлеуметтік жұмыс әдістерін; медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін; әлеуметтік жұмыстың негізгі әдістемелік қағидаттарын; шаруашылық-қаржы қызметін ұйымдастыруды; салық және бюджеттік заңнаманы; персоналды басқару теориясы және тәжірибесін; статистикалық және әдістемелік талдау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын.
Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім және жұмыс стажы әлеуметтік қорғау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейіні бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.
Полная версия
ИС BestProfi