Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 1184 Жарлығы
Әскери және арнаулы атақтар беруді одан әрі ретке келтіру, қызметкерлері погоны бар нысанды киім (киім-кешек) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік органдардың санын қысқарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Республикалық ұланының, Президенті Күзет қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы полициясы агенттігінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің, прокуратура органдарының, Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бөлімшелерінің осы органдардың алдына қойылған негізгі міндеттері мен функцияларын тікелей орындайтын әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің ғана әскери және арнаулы атақтарын, погоны бар нысанды киім киіп жүру құқығын сақтауды, сондай-ақ олардың қосалқы бөлімшелері мен қамтамасыз ету қызметтерін қоспағанда, осындай қызметкерлер лауазымдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгілеуді;
Кедендік бақылау агенттігінің қызметкерлерінің, сот приставтарының, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесі қызметкерлерінің жекелеген санаттарының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру құқығын сақтауды;
2) әскери және арнаулы атақтардан, нысанды киім киіп жүру құқығынан айырылатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес, бірақ әскери және арнаулы атақтарын, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын белгіленген үстемеақылары мен соларға байланысты жеңілдіктерін ескере отырып, қазіргіден төмен емес деңгейде белгілесін;
3) осы Жарлықтың қолданылу аясына енетін адамдар үшін әлеуметтік қамтамасыз етудің, зейнеткерлікке шыққан кездегі барлық жеңілдіктері мен артықшылықтарының сақталуын, ал кемінде 20 жыл қызмет еткен адамдар үшін аттестатталған лауазымдарда қызмет өткеруін аяқтау мүмкіндігін көздесін;
4) аға басшы құрам адамдарының санын қысқарту мақсатында әскери және арнаулы атақтар сақталатын мемлекеттік органдардағы, әскерлердегі және әскери құралымдардағы лауазымдар мен соларға сәйкес келетін шекті әскери және арнаулы атақтардың тізбесін қайта қарасын;
5) мемлекеттік органдардағы, әскерлердегі және әскери құралымдардағы орта және аға басшы құрам адамдарының әскери және арнаулы атақтарында еңбек сіңірген мерзімдерін ұлғайту жағына қарай қайта қарасын;